қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
25.09.2020

Ұлы Даланың ұлағаты: жеке тұлғаның дамуына әсер ететін факторлар

 

2020 жылдың 23 қыркүйегінде Абай атындағы ҚазҰПУ мен М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті арасында «Ұлы Даланың ұлағаты: жеке тұлғаның дамуына әсер ететін факторлар» тақырыбында Республикалық педагогикалық телекөпір өтті.

 

Телекөпірдің мақсаты - Әл-Фарабидің 1150 жылдығы мен Абайдың 175 жылдығына орай Абай атындағы ҚазҰПУ мен М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің білім алушылар арасында жеке тұлғаның дамуына әсер ететін факторларды жан-жақта талдап, ХХІ ғасырдағы креативті педагог тұлғасын сипаттау болды.

 

Телекөпір модераторлары М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің профессоры Клара Бұзаубақова, аға оқытушы Сауле Бупетаева және Абай атындағы ҚазҰПУ мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік пеадгогика кафедрасының меңгерушісі Ұлбосын Қыяқбаева мен кафедраның оқытушылары, «Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту» мамандығының 2-курс студенттері қатысты.

 

Телекөпірде екі университет білім алушылары жеке тұлғаға әсер ететін биологиялық, әлеуметтік, педагогикалық факторлар; баланың жас кезеңдері: нәрестелік жас, мектеп жасына дейінгі кезең, бастауыш сынып оқушысы, жеткіншектік жас, жасөспірімдік шақ және креативті педагог тұлғасы тақырыптар аясында ақпарат пен тәжірибе алмастырды. «6В02101- Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту» мамандығының 2-курс студенттері Пахрадинова Айкерім, Советова Айнұр, Хожан Мөлдір «Абай Құнанбаевтың "толық адам" ілімі», «5В012300 - Әлеуметтік педагогика және өзін- өзі тану» мамандығының 3 курс студенті Тоқтасын Ақпейіл «Жеке тұлғаға әсер ететін әлеуметтік факторлар» тақырыптарында өз жұмыстарын жоғары деңгейде қорғады.

 

«Айтарым бар» ашық микрофон айдарында қорытынды жасай отырып, спикерлер мен қатысушылар өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.

 

   

 

   

 

 

Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасы