Негізгі бет
Жаңалықтар
18.09.2020 Абай университетінің ректоры Такир Балықбаев есеп беру кездесуін өткізді
2020 жылы 17 қыркүйекте Абай университетінің ректоры Такир Балықбаевтың есеп беру кездесуі өтті. Кездесу Zoom платформасында онлайн форматта өтті, сондай - ақ университеттің ресми парақшаларында көрсетілді: Facebook - https://www.facebook.com/AbaiUniversity/, Instagram - https://www.instagram.com/abai_university/, Youtube.
Іс-шараға қалалық мәслихат депутаттары, Алматы қоғамының өкілдері, жоғары оқу орындарының ректорлары, ғылыми институттар мен оқу орындарының директорлары, «Нұр Отан» партиясының мүшелері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, шетелдік елшіліктердің консулдық мекемелерінің қызметкерлері, ата-аналар, профессор-оқытушылар құрамы мен студенттер қатысты. Кездесу өте нәтижелі болды.
Такир Балықбаев өз баяндамасында 2019/2020 оқу жылының қорытындыларын шығарды, университеттің білім беру, ғылыми-инновациялық, қаржы-шаруашылық және әлеуметтік-тәрбиелік қызметі туралы егжей-тегжейлі есеп берді, әлемдік және ұлттық рейтингтердегі жетістіктерді атап өтті, университеттің дамуының стратегиялық міндеттері мен бағыттарын айқындады.
Кездесу барысында университеттің ішкі саясатына ғана емес, студенттік өмірдің барлық салаларына қатысты түрлі мәселелер талқыланды. Атап айтқанда, білім беру бағдарламаларындағы өзгерістер, жұмыс берушілермен ынтымақтастықты дамыту, ішкі инфрақұрылымды жаңғырту және т. б. мәселелер туралы айтылды.
Еңбек нарығындағы түлектерге деген сұраныс және жұмыс берушілердің жас мамандарды кәсіби даярлау сапасына қанағаттануы да жоғары деңгейде. Абай атындағы ҚазҰПУ түлектерінің жұмыс берушілері Алматы, Нұр-сұлтан қалаларының және Алматы облысының, сондай-ақ республиканың барлық өңірлерінің білім беру мекемелері болып табылады. Жұмыс берушілермен өзара байланысты нығайту мақсатында 2019 жылы ҚазҰПУ-дың «Mansap» мобильді қосымшасы әзірленді. Бұл қосымша жұмыс іздеуді және университет түлектерін жұмысқа орналастыруды едәуір жеңілдетеді: 4063 пайдаланушы (1012 жұмыс беруші, 3051 студент).
Заманауи университет қызметінің маңызды аспектісі жоғары білікті профессор-оқытушылар құрамын қалыптастыру болып табылады. Шетелдік серіктес жоғары оқу орындарының профессорлары тартылды, республиканың барлық дерлік оқытушылары қысқы және жазғы мектептерде, «Цифрлық педагог» онлайн-мектебінде және осы бағыттағы университеттің басқа жобалары мен бағдарламаларына қатысып, біліктілігін арттырды.
Абай университеті Қазақстанның жоғары оқу орындарының арасында бірінші болып ISO 37001-2016 халықаралық стандартының сыбайлас жемқорлыққа қарсы басқару жүйесін енгізу туралы сертификат алды. Бұл бағытта келесі жобалар мен бағдарламалар жұмыс істейді: Академиялық адалдық кодексі; Адалдық және сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік - оқыту, жобалар, іс-шаралар арқылы; Сыбайлас жемқорлыққа қарсы кеңес; «Парасат» орталығы; Әдеп ережесі, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт, «Sanaly urpaq» студенттер клубы; «Sanaly urpaq» Республикалық жобалық кеңсесімен тренингтер мен семинарлар; «Ізгілік елшісі», «Антиплагиат», «м», «Прокторинг», Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг; «Таза сессия» акциялары.
«Ізгілік елшісі - Акселератор добра» жалпыұлттық волонтерлік қозғалыс жобасының қызметі , тәрбиелік іс-шаралар, шығармашылық және студенттік белсенділік туралы ақпарат егжей-тегжейлі айтылды.
Осылайша, жоғарыда аталған бағыттар мен жастардың сапалы білім алуына және жан-жақты дамуына жағдай жасау жөніндегі шаралар мемлекеттің саясатымен үйлесім табуда.
Есеп беру кездесуінде ҚазҰАУ ректоры, академик Тілектес Есполов, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, әскери ғылымдардың докторы, профессор, Алматы қаласы Медеу ауданы Ардагерлер кеңесінің төрағасы Ким Серікбаев, Медеу облысының білім бөлімінің бастығы Ағайша Сапарова, WikiBilim қоғамдық қорының негізін қалаушы және бас директоры Рауан Кенжеханұлы, республикалық еріктілер лигасының төрағасы Айсұлу Ерниязова сөз сөйлеп, өз ұсыныстары мен тілектерін білдірді.
Қоғаммен байланыс жөніндегі бөлім |