Негізгі бет
Жаңалықтар
28.08.2020 «КОНСТИТУЦИЯ - ҚОҒАМ МЕН МЕМЛЕКЕТ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗІ» ОНЛАЙН-ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ
2020 жылдың 27 тамызы күні Қазақстан Республикасының Конституциясының 25 жылдығына арналған «Конституция - қоғам мен мемлекет дамуының негізі» тақырыбында онлайн дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараға Тарих және құқық институтының директоры, профессор Әділ Жүнісов, заң ғылымдарының докторы, профессор Бахытжан Толеубекова, Саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының меңгерушісі, профессор Жомарт Симтиков, Халықаралық құқық кафедрасының доценті Қадір Нұрғалым қатысып, мазмұнды баяндама жасады.
Дөңгелек үстел барысында егеменді елдің іргетасы - Ата заңның пәрменділігі төңірегінде ой толғаған қатысушылар, басты құжаттың адам мен азаматтың құқықтық жағдайын, басқарма нысанын реттейтін, мемлекеттік құрылымның іргетасын, адамның құқығы мен бостандығын бекітетін мемлекеттің негізгі заңы екендігін айтты.
Жарыссөзде сөз алғандар тақырып төңірегінде ойларын ортаға салып, тұжырымды да танымды әңгіме қозғады.
Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі департамент
|