қазақша · русский · english
 
 
 
 Көшербаева Айгерім Нұралықызы
Кафедра меңгерушісі
Педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Педагогика білім беру халықаралық ғылым академиясының академигі (МАНПО)
Қазыбек би көшесі, 30
 291-58-52
aigera63@mail.ru

 

Педагогика және психология кафедрасы 2009/2010 оқу жылында «Педагогикалық және психологиялық мамандықтар кафедрасы» атауымен құрылып, 2014 жылға дейін Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Магистратура және PhD докторантура институтының құрамында қызмет етті. 2014 жылдың 1 қарашасынан бастап Педагогика және психология институтының мүшесі болды. 2017 жылдың 1 қыркүйегінен бастап қазіргі уақытқа дейін кафедраны п.ғ.д., профессор Көшербаева Айгерім Нұралықызы басқарады.


«Педагогика және психология» білім беру бағдарламасы келесі бағыттар бойынша оқытуды қарастырады:
- Бакалавриат - «6В01101-Педагогика және психология»;
- Магистратура - «7М01101-Педагогика және психология», «7М01103-Педагогика және психология. Білім берудегі менеджмент», «7М01102-Педагогика және психология. Педагогикалық өлшемдер», «7М01110-Педагогика және психология» (бейінді 1,5 жыл);

- PhD докторантура - «8D01101-Педагогика және психология», «8D01103-Педагогика және психология. Білім берудегі менеджмент» (ағылшын тілінде).


Кафедраның профессор-оқытушылар құрамында қазіргі уақытта: 10 педагогика ғылымдарының докторлары, 8 педагогика және психология ғылымдарының кандидаттары, 6 педагогика ғылымдарының магистрлері бар. Кафедраның әлеует көрсеткіші 71,5% құрайды. Профессор-оқытушылар құрамының педагогикалық білім деңгейі жоғары: бағдарлама аясында студенттерге оқытылатын пәннің ерекшелігі, инновациялық технологиялар мен оқыту әдістері бойынша білімнің жеткілікті көлемінің кәсіби дағдылары қалыптасқан.


Педагогика және психология білім беру бағдарламасы жақын және алыс шетелдердің көптеген жетекші университеттерімен ынтымақтастық қарым-қатынас орнатқан. Олар Оңтүстік Корея, Литва, Германия, Индонезия, Ресей, Болгария, Украина, Түркия және т.б.


Бұл бағдарламаның материалдық-техникалық базасы заманауи ақпараттық құралдармен, компьютерлермен, интерактивті тақталармен қамтамасыз етілген, бұл болашақ мамандардың оқу үдерісінде және ғылыми-зерттеу қызметінде шығармашылықпен дамуына мүмкіндік береді.


Біздің білім беру бағдарламамыздың түлектері барлық білім беру ұйымдарында, соның ішінде мектепке дейінгі мекемелерде, жалпы білім беретін мектептерде, лицейлерде, гимназияларда, колледждерде және әкімшілікте педагог-психолог болып жұмыс істей алады.