Қазақстан Республикасы азаматтарына арналған халықаралық гранттық бағдарламалар
2020 жылдың 29 маусымында Қазақстан азаматтарына арналған халықаралық гранттық бағдарламаларға қатысу жайлы алғашқы онлайн-вебинар өтті. Шараның ұйымдастырушылары - Халықаралық бағдарламалар мен ынтымақтастық бөлімінің бастығы - Баян Сапаргалиева, спикер - Фулбрайт бағдарламасының түлегі,ХАТУ МКМ кафедрасының профессоры, физика-математика ғылымдарының кандидаты, PhD, Кентуки (АҚШ) Университетінің шақырылған профессоры - Бахыт Алипова болды.
Вебинар Фулбрайт гранттық бағдарламасына қатысу бойынша мәселелерді қозғады.
- Сұхбат барысында тағы да келесі сұрақтарға жауап алынды:
- Бағдарлама кімдерге арналған;
- Фулбрайттың қандай бағдарламалары болады;
- 2020-2021 оқу жылына Фулбрайт бағдарламасының қанша гранты бөлінді;
- Бағдарлама қандай шығынды көтереді;
- Жас бойынша шектеулер бар ма және т.б.
Вебинарға Қазақстаннан 60-тан аса тыңдарман қатысты.
Халықаралық бағдарламалар мен ынтымақтастық бөлімі серіктес АҚШ Университеттерінің қолдауымен халықаралық гранттық бағдарламалар тақырыбына бірнеше онлайн-вебинарлар өткізетін болады.
Келесі вебинарлар жайлы ақпарат ҚазҰПУ-дің хабарламалар бөлімінде болады.

Халықаралық ынтымақтастық департаменті