қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
17.06.2020

Сыбайлас жемқорлықты алдын-алу туралы бейнеролик

 

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі кинорежиссер Ақан Сатаевтың шығармашылық тобымен бірлесіп «Сыбайлас жемқорлық тек елді ғана емес, жақындарыңыздың өмірін де бұзады!» тақырыбында әлеуметтік ролик дайындады.

Абай атындағы ҚазҰПУ мемлекеттің сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу жөніндегі ауқымды жұмыстарын толығымен қолдайды. Университетте Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы А.Ж.Шпекбаевтың қатысуымен екі жобалық кеңсе - Сорбонна-Қазақстан институтында «Акселератор добра - Ізгілік елшісі» жобасы мен «Парасат» орталығы құрылып, белсенді жұмыс жасауда.

Аталған жобалық кеңселердің негізгі мақсаты студент жастар арасында жоғары адамгершілік, парасаттылық және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға төзбеушілікке тәрбиелеу болып табылады.