Оқу бөлімі
1.Оқу бөлімі Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ҚР МЖМББС (ГОСО РК) талаптарына сай оқу үдерісін ұйымдастыруда үйлестіруші және бақылаушы құрылымдық бөлімшесі болып табылады. 2.Оқу бөлімі қызметкерлерінің саны, олардың еңбек ақыларының көлемі, сыйлық ақы беру жүйесі және т.б. Университет ректорымен бекітіледі. 3. Оқу бөлімі Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің жарғысы және осы ереже бойынша жұмыс істейді, тікелей Оқу басқармасының бастығына бағынады. 4.Оқу бөлімі өзінің қызметінде келесі құжаттарды басшылыққа алады:
5.Оқу бөлімі өзінің қызметін Абай атындағы ҚазҰПУ-нің даму стратегиясы және оқу ісі жөніндегі проректормен бекітілген жылдық жоспар негізінде жүзеге асырады. 6.Оқу бөлімінің қызметкерлері өздерінің міндеттерін ҚР «Еңбек кодексіне», лауазымдық нұсқауларға және еңбек шартына сай орындайды. 7.Оқу бөлімінің құрылымы мен штаты осы ережеде қарастырылған мақсат, қызметтер негізінде жасалады. Бөлімнің құрамына келесі бірліктер кіреді: бөлім бастығы - 1 бірлік, инспектор - 1 бірлік, әдіскер - 1 бірлік, диспетчер - 10 бірлік.
ОҚУ БӨЛІМІНІҢ НЕГІЗГІ ҚЫЗМЕТІ мен міндеттері
1.Әртүрлі деңгейдегі пайдаланушыларға орта және арнаулы кәсіптік білім беру салаларында сапалы білімді беру бойынша Университет миссиясын орындауға мүмкіндік туғызу. 2.Еңбек нарығының талаптары мен әлеуметтік тапсырысты елеп жаңа ақпараттық білім беру технологияларын енгізу, білім мен ғылымды интеграциялау, оқу үдерісін жетілдіру арқылы білім беруді модернизациялауға мүмкіндік туғызу. 3.Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің саясаты мен мақсаттарын жүргізу; 4.Университет қызметіне байланысты, ҚР Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарттары мен типтік бағдарламалардың талаптарына сай ұйымдастырылған оқу-тәрбиелік үдерісіне қатысу; 5.Білім беру қызметін ұйымдастыруда жаңа концептуалды қатынасты өңдеу және енгізу бойынша шараларды жүзеге асыру; 6.ПОҚ штатын қалыптастыруды, ағымдағы жылға ПОҚ педагогикалық сағаттық жүктемесін бөлу мен оның орындалуын бақылау; 7.ПОҚ-ң жеке жұмыс жоспарының сәйкестілігін тексеру және олардың орындалуын қадағалау; 8.МЕК және МАК төраға(йым)лары мен құрамындарын тексеру және оны қадағалау. МАК қорытынды есептерін жинақтап, ҚР Бж/еҒМ-не өткізу; 9.Сабақ кестесін, қысқы және жазғы емтихан сессиясының кестесін құру, тексеру және оның орындалуын қадағалау; 10.Мамандықтар бойынша профессор-оқытушылар құрамының сандық және сапалық көрсеткішін анықтау; 11.Университеттің аудиториялық қорларын есептеу және оны топтарға бөлу; 12.ПОҚ еңбек тәртібін сақтауды бақылау арқылы оқу үдерісін ұйымдастырудың сапасын жоғарылатуға мүмкіндік туғызу; 13.Оқу бөлімінің қызметіне байланысты ректордың бұйрықтарын, Ректорат және Университет Ғылыми кеңесінің шешімдерін орындау; 14.Сапа менеджменті жүйесінің талаптарына сәйкес іс-қағаздарын жүргізу және оның орындалуын қадағалау; 15.Университеттің саяси-қоғамдық, мәдени-бұқаралық шараларына қатысу. Құқықтарымен жауапкершілігі: Құқығы: 1.Университет қызметіне қатысты сұрақтарды шешуге және талқылауға қатысуға; 2.Барлық құрылымдық бөлімшелермен өзара қарым-қатынаста болуға және олардан Оқу бөлімінің қызметіне керекті ақпараттар мен құжаттарды алуға; 3.Университет әкімшілігінен бөлім қызметінің материалды-техникалық камтамасыздануын талап етуге; 4.Университеттің кітапхана қызметін, оқу және ғылым бөлімшелерінің қорларын пайдалануға. Жауапты: 5.ҚР Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарттары мен типтік бағдарламалардың және ҚР Бж/еҒМ-нің нормативті-құқықтық құжаттарының талаптарына сай Университеттің оқу үдерісін ұйымдастыруға; 6.Ішкі нормативті құжаттардың нұсқаулардың орындалуына; 7.Университеттің сапа менеджмент жүйесін қолдауы мен оған сәйкес процедуралардың орындалуына.
Оқу бөлімінің қызметкерлері 1.Таубаева Ғалия Закарьянқызы - оқу бөлімінің бастығы (galiya_63@bk.ru ) 2.Қожамқұлова Назира Адырбекқызы - инспектор 3.Қарағұлова Ардана Серікқызы - әдіскер (ardana1@mail.ru )
Диспетчерлер
№6 оқу ғимараты, 2 этаж, №220 бөлме, тел.: 291-71-06 |