қазақша · русский · english
   
Физика, механика және кәсіптік оқытукафедрасы

 

Ф изика, механика және кәсіптік оқыту кафедрасы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Магистратура және PhD докторантура институтының құрамына кіреді. Бұрында 6D060400-Физика, 6М060400-Физика және 6М011000-Физика мамандықтары жаратылыстану мамандықтары кафедрасының құрамында болды. Ал, информатика және механика-математика ғылымдары кафедрасынан 6М060300-Механика, 6М12000-Кәсіптік оқыту мамандықтары бөлініп шықты. Нәтижесінде Университеттің Ғылыми Кеңесінің шешімімен 2012 жылы жаңа кафедра құрылды. Кафедрада магистратураның 6М011000-Физика, 6М060400-Физика, 6М060300-Механика, 6М12000-Кәсіптік оқыту мамандықтары және докторантураның 6D060400-Физика мамандығы бойынша 1,5 және 2 жылдық оқыту бағдарламалары бойынша дайындық жүргізіледі. Магистранттар мен докторанттар қазақ және орыс тілдерінде дәріс алады, сондай-ақ, үш тілде (қазақ, орыс және ағылшын тілдері) оқитын көптілді топтар да бар. Кафедра бойынша академик Н.Ж.Такибаевтың басқаруымен жүргізіліп жатқан физик ғалымдардың еңбегін ерекше атауға болады, оларда жас физиктердің халықаралық мектебі қалыптасқан. 2011жылдың 18-20 сәуірінде «Ғарыш, ғылым, нанотехнология» атты жас физик ғалымдарының V халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Конференцияға әлемдегі көрнекті ғалымдар Герман Боос (Германия), Каджи Фуджи (Жапония), С.И.Зайцев (Россия) сол сияқты ҚР «Казатомпром», Аль-Фараби атындағы ҚазҰУ – нің физика факультетінің ғалымдары қатыса отырып 8 секция жұмыс істеп, оған 100-ден астам ғалымдар қатысып, 318 мақала төңірегінде пікір алысылды. Ал, 2011 жылы 26-30 қыркүйек арасында осы кафедраның жетекшілігімен «Семей полигонының жабылуы» атты халықаралық форум өтті. Форумға Россия, Германия, Жапония, Оңтүстік Корея, Өзбекстан және т.б. елдерден ғалымдар келіп 5 күн бойы физика ғылымы саласында халықаралық деңгейде ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференция барысында магистр-физиктер, докторанттар шетелдік ғалымдармен кездесу өткізген дөңгелек стол үстінде әлемдік білім кеңістігіндегі проблемалар бойынша пікір алысып, келісім-шарт жасалды.

 

Шетелдік ғалымдармен кездесу

Кафедраның профессорлық-оқытушылар құрамы кафедраның докторанттары мен магистранттарын тартап отырып, ғылыми-зерттеу қызметімен белсенді түрде айналысып отыр. Кафедраның ПОҚ ғылыми нәтижелерін Scopus, Thomson Reuters және РҒСИ (академик Н.Ж.Такибаев, профессор М.С.Молдабекова және т.б.) деректер базасына кіретін журналдарда жариялайды. Сонымен бірге, кафедрада ҚР БҒМ іргелі жобалары мен Абай атындағы ҚазҰПУ қаржыландыратын жобалар орындалады. 2011 жылы «Физика және нанотехнологиялар зертханасы негізінде нанотехнологияларды дамыту» студенттік ғылыми жұмысы аяқталып, оның нәтижесінде шетелдік ғалымдармен бірлесіп жасалған «Физика бойынша зертханалық практикум: NANOMAKER виртуалды практикумы, нанотехнологиялар мен термодинамика» оқу құралы жарық көрді. Магистранттар мен PhD докторанттар үшін жыл сайын Ресейдің, Белоруссияның, Латвияның, Болгарияның, Германияның жетекші ЖОО-на шетелдік тағылымдамалар ұйымдастырылады. Докторанттар мен магистранттар жұмыс тәжірибесімен алмасып, белгілі ғалымдардың лекцияларын тыңдайды.

Физика, механика және КО кафедрасы Жапонияның, Германияның, Латвияның жетекші жоғары оқу орындарының ғалымдарымен тығыз байланыс орнатып, олардың көпшілігімен ынтымақтастық туралы меморандумдар мен шарттар жасалған. Кафедраның негізінде нанотехнологиялар (УМКА оқу-зерттеу кешені және СММ2000 сканерлейтін мульти-микроскопы) мен термодинамика (ММТП оқу-зерттеу кешені) бойынша заманауи жабдықпен жабдықталған «Физика және нанотехнология» зертханасы бар.

 

Научная стажировка докторанта Д.Насировой в университете Вупперталь (Германия) Научная стажировка магистранта Б.Абдыкадырова в Международном образовательном центре при Университете Дюссельдорф (Германия)

 

Ф.-м.ғ.д. Ә.Баймаханұлы магистранттармен сабақ өткізуде Профессор М.С.Молдабекова магистранттармен сабақ өткізуде