қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
01.05.2020

 

Құрметті оқытушылар, қызметкерлер және білім алушылар!

 

1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын!

 

Бұл мереке тәуелсіз Қазақстан үшін барлық этностар өкілдерінің бейбітшілік, достық пен бірлігінің бейнесіне айналды. Сіздер өздеріңіздің күнделікті еңбектеріңізбен жалпы мемлекетіміздің және өз отбасыларыңыздың әл-ауқатын арттырасыздар.

 

Өкінішке орай, биыл коронавирусқа байланысты бұл мереке бұрынғыдай өткізілмейді. Бірақ мұндай қиын-қыстау кезеңде біз бірлік пен келісім рухын сақтауымыз керек. Қазіргі таңда қазақстандықтардың ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан игі дәстүрлерін сақтап, балаларымызға еңбек адамдарына деген сүйіспеншілік пен құрмет, жауапкершілік сезімдерін нығайта отырып, сақтап қалу өте маңызды.

 

Мен бұл күні өте маңызды жолды таңдаған - еліміздің зияткерлік және ғылыми дамуына, жас ұрпақты тәрбиелеу жолында өз үлестерін қосқан университетіміздің оқытушылары мен ғалымдарына алғысымды білдіргім келеді. Сіздер студенттерге іргелі білім беріп қана қоймай, оларға дәстүрлі жалпыадамзаттық құндылықтарды дәріптейсіздер.

 

Біз университетіміздің үлкен ұжымының үйлесімді жұмысы үшін өз міндеттерін жоғары деңгейде орындап жүрген қызметкерлердің еңбегін құрметтейміз. Жас зерттеушілердің жетістіктерін мақтан тұтамыз, олардың арасында көптеген грант иегерлері, түрлі олимпиадалар мен беделді конкурстардың жеңімпаздары бар, біз студенттеріміз бен түлектеріміздің жетістіктеріне шын жүректен қуанамыз. Әрдайым жастарға лайықты үлгі болып табылатын және бола беретін даңқты және құрметті ардагерлеріміздің еңбегін бағалаймыз.

 

Біздің жоғары оқу орнымыздың дамуына бағытталған жоғары кәсіби және жемісті еңбектеріңіз үшін баршаңызға алғыс айтамын. Сіздерге және жақындарыңызға зор денсаулық, бақ-береке, жаңа табыстар мен жетістіктер тілеймін!

 

 

Құрметпен, ректор Такир Балықбаев