қазақша · русский · english
 
 
 

 

Академиялық демалыс беру тәртібі

 

Абай атындағы ҚазҰПУ білім алушылары академиялық демалысқа құқылы. Академиялық демалыс - бұл білім беру ұйымдарында білім алушылар өздерінің оқуын медициналық көрсеткіштермен және өзге де ерекше жағдайларда уақытша тоқтататын кезең.


Мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алатын адамға академиялық демалыс берілген кезде оның мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде одан әрі оқу құқығы сақталады және оны оқытуды қаржыландыру берілген академиялық демалыс кезеңіне (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы №116 қаулысының 14-тармағына сәйкес дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы негізінде академиялық демалыста жүрген грант иегерлеріне белгіленген тәртіппен стипендиялар төлеуге көзделетін шығыстарды қаржыландыруды қоспағанда) тоқтатылады.


Білім алушыға ақылы негізде академиялық демалыс беру кезінде оқу ақысы академиялық демалыс кезеңіне тоқтатылады.


Академиялық демалысты ресімдеу үшін білім алушы университет ректорының атына өтініш береді және оқуды үзудің негізділігін растайтын құжаттарды ұсынады.


Білім алушыға медициналық көрсеткіштер бойынша академиялық демалыс келесі жағдайларда беріледі:
1) ауруы бойынша ұзақтығы 6 айдан 12 айға дейінгі амбулаториялық-емханалық ұйым жанындағы дәрігерлік-консультациялық комиссияның (бұдан әрі - ДКК) қорытындысы;
2) туберкулезбен ауырған жағдайда туберкулезге қарсы медициналық ұйым жанындағы Орталық дәрігерлік-консультативтік комиссияның қорытындысы.


Академиялық демалыс келесі білім алушыға келесі негізде беріледі:
1) заңнамада белгіленген жағдайларда әскери қызметке шақыру кезеңінде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қатарына шақыру туралы шақыру қағаздары;
2) заңнамада белгіленген жағдайларда ұзақтығы 3 жылға дейін бала туған, асырап алған;
3) заңнамада көзделген өзге де жағдайларда.


Ұсынылған құжаттар негізінде университет ректоры 3 жұмыс күні ішінде білім алушыға оның басталу және аяқталу мерзімдерін көрсете отырып, академиялық демалыс беру туралы бұйрық шығарады.


Академиялық демалыстан оралған білім алушы кезекті академиялық кезең басталғанға дейін университет ректорының атына өтініш береді және сырқатқа байланысты білім алушы академиялық демалыста болған кезде - осы білім беру бағдарламасы бойынша оқуды жалғастыру мүмкіндігі туралы қорытындымен науқасты бақылап отырған емдеу ұйымынан денсаулық жағдайы туралы ДКК анықтамасын ұсынады. Институт директоры ұсынылған құжаттар негізінде ОЖЖ-дағы пәндердің айырмашылығын, оқу курсын анықтайды және тіркеу офисінің келісімі бойынша білім алушының ЖОЖ бекітеді. Оқу курсы білім алушыларды ауыстыру немесе қайта қабылдау жағдайындағыдай ережелер бойынша пререквизиттерді ескере отырып анықталады. Ұсынылған құжаттар негізінде университет ректоры 3 жұмыс күні ішінде білім беру бағдарламасын, курсын және тобын көрсете отырып, білім алушының академиялық демалыстан шығуы туралы бұйрық шығарады.


Егер академиялық демалыстан шығу немесе академиялық демалысқа шығу күні академиялық кезеңнің басталуымен немесе аяқталуымен сәйкес келмесе, онда білім алушы жеке кесте бойынша барлық оқу тапсырмаларын орындайды және рұқсат беру рейтингіне қажетті балдарды жинайды немесе жазғы семестрде айырмашылық пайда болған пәндерге жазылады. Айырмашылықты жою үшін білім алушы ағымдағы оқу сабақтарымен қатар академиялық кезең ішінде оқу сабақтарының барлық түрлеріне қатысады, осы пәндер бойынша ОЖЖ-да көзделген ағымдағы және межелік бақылаудың барлық түрлерін тапсырады, рұқсат алады және академиялық күнтізбеге сәйкес білім алушыларды аралық аттестаттау кезеңінде қорытынды бақылауды тапсырады.


Білім беру грантының иегері білім алушылар академиялық демалыстан кейін тегін, шарт жасаушы білім алушылар ақылы негізде қайта оқудан өтеді.