қазақша · русский · english
 
 
 

 

Білім алушының академиялық қарызы пән бойынша төмен рейтинг, емтиханнан қанағаттанарлықсыз баға алу немесе емтиханға келмеу нәтижесінде туындайды. Білім алушы бұл жағдайда ағымдағы академиялық кезеңді аяқтау үшін қажетті кредиттер санын ала алмайды.

 

Тіркеуші офисі институт деканат  академиялық қарызы бар білім алушылардың білімін бағалаудың қорытынды нәтижелері бар жиынтық ведомостарды жібереді.

 

Семестр бойы сабақтарды қалдырған кезде оқытушылар білім алушыны рұқсат алу үшін декантқа жолдайды. Осыған байланысты деканатта сабаққа рұқсат беру журналына жазба енгізеді. Білім алушыдан дәлелді себеппен сабақта жоқтығын растайтын жазбаша түрдегі түсініктеме немесе анықтама алады. Сабақты қалдыру себебі анықталғаннан кейін деканат сабаққа рұқсат беру немесе бермеу туралы шешім қабылдайды.

 

Деканат сабаққа рұқсат береді:

- ұсынылған түсіндірме;
- сабақтарды қалдырудың дәлелді себептері туралы объективті дәлелдер келтірілген (мысалы, әскери комиссариатқа шақыру).


Дәлелсіз әрі себепсіз сабақтарды айтарлықтай қалдырған жағдайда, деканат  білім алушыны оқудан шығаруға немесе білім алушыны стипендиядан айыруға құқылы. Білім алушыны оқудан шығару университет ректорының бұйрығымен ресімделеді.

 

Егер білім алушы сабақтардың аз бөлігін объективті себептер бойынша (мысалы, ауруы бойынша) жіберіп алса, онда оған жіберілген сабақтардың оқу материалын өз бетінше игеруге мүмкіндік беріледі.

 

Жіберілген сабақтардың оқу материалы бойыншаСӨЖ оқытушымен, тесттер, рефераттар, эсселер, есептер және т. б. түрінде бақыланады.

 

Білім алушының себепсіз сабақтан қалған жағдайда оған қосымша тәрбиелік сипаттағы шаралар қолданылуы мүмкін:

- білім алушының ата-анасын шақыру;
- тәлімгермен пікірлесу.


Тәрбиелік іс-шаралар сабақтан қалу себептерін анықтауға бағытталуы керек. Әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларға байланысты проблемалар болған жағдайда, тәлімгер түзету әрекеттері ретінде осы жағдайларды жақсарту жөніндегі директоратқа өтініш бере алады.

 

Бақылау және білімді бағалау нәтижелері бойынша қанағаттанарлықсыз баға алған жағдайда:

- оқу пәні бойынша рұқсат рейтингісінің оң бағасы жоқ білім алушылар аралық аттестаттауға (емтиханға) жіберілмейді;
- курстық жұмысты тапсырмаған білім алушылар тиісті пән бойынша емтиханға жіберілмейді;
- жекелеген жағдайларда (науқастануы, отбасылық және қызметтік жағдайлары бойынша, растайтын анықтама, еңбекке жарамсыздық парағы ұсынылған жағдайда - қашықтықтан оқыту нысанындағы жұмыс істейтін студенттер үшін) білім алушыға жеке кесте бойынша емтихан тапсыруға рұқсат етіледі;
- емтиханды «қанағаттанарлықсыз» деген бағадан оң бағаға қайта тапсыру үшін білім алушыға келесі академиялық кезеңде немесе жазғы семестрде ақылы негізде тиісті пәндерді қайта жазғаннан кейін оқуға, ағымдық, аралық бақылау талаптарын орындауға, рұқсат алуға және қорытынды білім бақылауын тапсыруға мүмкіндік беріледі.


Ағымдық, аралық және қорытынды білімді бақылау нәтижелері бойынша топ эдвайзері білім алушының сабақтан қалуына немесе үлгермеуіне себеп болған себептерді анықтайды. Эдвайзер деканатпен, бірлесіп, дәлелді себептермен үлгермеген білім алушыларға қажетті көмекті ұйымдастырады. Болашақта тәлімгер жоспарланған іс-шаралардың орындалуын және олардың нәтижелілігін бақылайды.

 

Оқу сабақтарын өткізетін оқытушы сонымен қатар білім алушылардың академиялық қарыздарын жою процесін бақылайды.

Осы мақсатта оқытушы:

- қажет болған жағдайда кеңес беру үшін уақыт тағайындайды;
- қажет болса, жұмысты қабылдауды ұйымдастырады;
- аралық аттестаттауды жеке кесте бойынша тапсыру мерзімін белгілейді (білім алушы емтиханға келмеуінің дәлелді себебі туралы растайтын анықтаманы ұсынған жағдайда);
- қайталама аралық аттестаттауды өткізеді;
- қажетті жазбаларды жүргізеді (журнал, аралық бақылау ведомосы, аралық аттестаттау).


Қорытынды аттестаттауда қанағаттанарлықсыз баға алған білім алушыға жоғары/жоғары оқу орнынан кейінгі білімді аяқтамаған деген анықтама беріліп, университеттен шығарылады: дипломдық жұмысты (жобаны) немесе магистрлік диссертацияны (жобаны) қорғамаған "немесе" білім беру бағдарламасының талаптарын орындамаған: кешенді емтихан тапсырмаған»

 

Қорытынды аттестаттаудан өтпеген білім алушы университет ректорының бұйрығымен келесі оқу жылының қорытынды аттестаттауына қайта жіберіледі.

 

Қайта қорытынды аттестаттау алдыңғы қорытынды аттестаттауда білім алушылардың қанағаттанарлықсыз баға алған пәндері бойынша ғана өткізіледі.

 

Берешектердің пайда болу себептерін анықтау мақсатында жазбаларға (аралық бақылау, аралық аттестаттау ведомостары) тұрақты негізде талдау жүргізіледі. Бұл жұмысты деканат жүзеге асырады.

Мұндай талдау үшін статистикалық әдістерді қолдану ұсынылады. Егер топ білім алушыларының қарыздарының 80%-ы бір пәнмен байланысты болса, онда:

- тиісті кафедра меңгерушісін хабардар ету қажет;
- оқу пәнінің оқытушылары бойынша қарыздардың бөлінуін талдау, егер қарыздардың 80% - ы бір мұғалімге қатысты болса, онда себептерді одан әрі іздестіру жұмыстары осы оқытушының жұмысына жүргізілуі керек;
- үлгерімі жақсы да, үлгерімі төмен білім алушыларға да сауалнама жүргізу;
- пәнді оқу-әдістемелік қамтамасыз ету, бағалау өлшемдері мен әдістері бойынша мақсатты ішкі аудит жүргізу;
- қажет болған жағдайда жоспардан тыс ашық сабақ өткізу;
- қажет болған жағдайда білім алушылардың типтік емес қарыздарының пайда болу себептерін анықтауға және түзету әрекеттері туралы шешім қабылдауға арналған директорат өкілдерінің қатысуымен кафедраның ашық отырысын өткізу.


Сәйкессіздіктердің пайда болу себебі дәл анықталуы керек, яғни жалпы сипаттағы себептер есептелмейді.

 

Түзету әрекеттері дереу әзірленіп, орындалуы керек. Түзету әрекеттерінің орындалуын бақылау кафедра меңгерушісіне жүктеледі.

 

Егер қарыздардың себептері белгілі бір оқытушының жұмысымен байланысты болса, оған түзету әрекеттерін жасау және сәйкессіздікті жою ұсынылады.

 

Егер мемлекеттік білім беру гранты бойынша білім алушы оқу жұмыс жоспарында қарастырылған қажетті кредит санын ала алмаса, ол тиісті пәндерді ақылы негізде қайта оқуға құқылы.