қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
02.04.2020

Химия кафедрасының профессор-оқытушылары онлайн-режимде

кафедра мәжілісін өткізді

 

2020 жылдың 31 наурызында коронавирус індетіне байланысты елімізде төтенше жағдай жарияланғандықтан, Жаратылыстану және география институты химия кафедрасының жалпы отырысы онлайн-режимде өтті. Мәжіліске кафедраның профессор-оқытушылары түгел қатысты.

 

Кафедра меңгерушісі Жазира Мұқатаева оқытушыларды күн тәртібімен таныстырып өтті. Мәжілісте қашықтықтан оқыту технологиясының маңызды мәселелері талқыланды. Жазғы сессияның ауызша және жазбаша емтихандары төтенше жағдайға байланысты тест түріне ауыстырылуы мүмкін деген мәселелер сөз болды. Соған қатысты тест сұрақтарын дайындап, белгіленген мерзімде тест орталығына өткізілуі керектігі айтылды.

 

Күн тәртібіндегі бір мәселе сәуір айында өткізілетін Ғылым декадасына қатысты ұйымдастыру іс-шаралары айтылды. Университет көлемінде өткізілген 11-сынып оқушылары арасында «Абай сыйы» республикалық пәндік олимпиадасы жайында туындаған сауал төңірегінде әріптестер пікір алмасты. Профессор Жеңіс Шоқыбаев «Абай сыйы» олимпиадасының деңгейін көтеру үшін, мектеп оқушылары үшін жүргізілетін кәсіби бағыт-бағдар беру жұмыстарын күшейту керек деп өз пікірін айтты.

 

Барлық мәселелерге қатысты кафедра отырысының шешімдері қабылданды.

 

   

 

   

 

Кафедра «Химия»