қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
20.03.2020

Халықаралық Франкофония күніне арналған бейне-конференция өтті

 

   

 

2020 жылдың 20 наурызында Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Сорбонна-Қазақстан институты біздің елдегі Француз елшілігімен, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының Қорымен, «Ізгілік елшісі» қоғамдық қозғалысының еріктілерімен Халықаралық Франкофония күніне арналған бейне-конференция өткізді.

 

Жыл сайын 20 наурызда бүкіл әлем бойынша Халықаралық Франкофония күнінде әлемнің 70-тен астам елі мен жүздеген қалаларының қатысуымен көптеген іс-шаралар өткізіледі. Француз тілі әлемде бесінші орында және ағылшын тілімен қатар барлық құрлықтарда қолданылады.

 

Қашықтықтан байланыс бойынша онлайн-конференцияға Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры Такир Балықбаев, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасының Қоры атқарушы директорының орынбасары, Қазақстаннан Еуропа Кеңесінің Венеция комиссиясының мүшесі Игорь Рогов, Франциядағы біздің елшіліктің атташесі Жиль Маметц, Абай атындағы ҚазҰПУ Сорбонна-Қазақстан институтының директоры, «Ізгілік елшісі» еріктілер қозғалысының жетекшісі, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қоғамдық сенім ұлттық кеңесінің мүшесі Айнур Сәбитова, Сорбонна-Қазақстан институтының тең директоры Кристин Бутейе қатысты. Онлайн-конференцияға сонымен қатар Сорбонна-Қазақстан институтының оқытушылары мен студенттері қашықтықтан қосылды.

 

Іс-шараның модераторы Айнұр Сәбитова болды. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры Такир Балықбаев пен Францияның Қазақстандағы елшілігінің атташесі Жиль Маметц онлайн режимде құттықтау сөз сөйледі.

 

Игорь Рогов «Француз заң мектебінің Қазақстанның құқықтық жүйесін қалыптастыруға әсері» тақырыбында баяндама жасап, француз заң мектебінің қазақстандық құқықтық жүйенің қалыптасуына, атап айтқанда, Конституцияға әсері туралы айтты. Елбасының бастамасы бойынша Қазақстанда «Астана» халықаралық қаржы орталығы жұмыс істейді, оның қолданыстағы заңы Англия мен Уэльстің заңдарының қағидаларына, нормаларына және прецеденттеріне негізделген. Ал Францияда тәжірибе бар, атап айтқанда Жерзей мен Гернезей аралдарындағы Нормандия провинциясында ағылшын құқығы қолданылады. Қазақстандық заңгерлер континенталды заңы бар елдің ағылшын құқығын қалай қолданатындығына қызығушылық танытты.

 

Сорбонна-Қазақстан институтының француз тілі мұғалімі Х. Фатес «Халықаралық дипломатиядағы француз тілінің рөлі туралы» баяндамасымен сөз алды.

 

Бейне-конференция қазақстандық және француз қатысушыларының үлкен қызығушылығын тудырды. 100-ден астам адам, оның ішінде Парижден келгендер конференция барысын бақылады.

 

Іс-шараға қатысушылардың көпшілігі өз пікірлерінде конференцияның қашықтықтан өткізілуі Президент Қ.Тоқаев жариялаған төтенше жағдайдың және Елбасының коронавирустық пандемияға байланысты Қазақстан халқына үндеуіндегі талаптарға сай екендігін атап өтті.