GPA Калькулятор
GPA білім алушының транскриптінде көрсетіледі. GPA мына формула бойынша есептеледі: GPA= Қс1* К1+Қс2*К2+Қсn+Kn К1+К2+Кn Қс1...........пән бойынша сандық эквиваленттік қорытынды бағалар; К1............ оқытылған пәндердің кредиттер саны n - оқу периодындағы оқытылған пәндер саны GPA есептеу үлгісі:
Информатика 4.0 х 3 = 12.0 Әлеуметтану 3.0 х 2 = 6.0 Философия 0.0 х 3 = 0.0 Көбейтінділердің қосындысы = 12 + 6 + 0 = 18.0 Жалпы кредиттер саны = 3+2+3 = 8 GPA = Көбейтінділердің қосындысы / жалпы кредиттер саны = 18,0 / 8 = 2,25 Келесі курсқа көшу үшін емтиханды тек жағымды бағаға тапсыру жеткіліксіз, сонымен қатар ағымдағы оқу жыл үшін университетпен бекіткен минималды GPA балын жинауы қажет. 2013-2014 оқу жылында бекітілген курстан курсқа көшу GPA балы төмендегідей: 1-курстан 2-курсқа - 1,80; 2-курстан 3- курсқа - 2,00; 3-курстан 4- курсқа - 2,20. Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Оқу кеңесінің шешімі (№11 хаттама, 26.06.2012)
Минималды GPA балын жинай алмаған білім алушы курстан курсқа қалдырылады. Берілген электрондық калькулятор арқылы қажет болған жағдайда ағымдағы емтихан сессиясының қорытындысы бойынша GPA-ді есептеуге болады.
Примечание: Дробная часть цифрового эквивалента отделяется от целой - точкой.
|