Біз туралы | Главная /
Төлбасова Ботакөз Қарабекқызы
Төлбасова Ботакөз Қарабекқызы
ҚЫСҚАША ӨМІРБАЯНЫ: Мен Төлбасова Ботакөз Қарабекқызы 17.01.1969 жылы, Қызыл-Орда қаласында туылғанмын. 1985 жылы Шымкент қаласындағы №25 орта мектепті бітіргенмін. Отбасы жағдайым: Тульбасов Абубакр есімді ұлым бар. 1990-1992 жылдары - №24 орта мектепте, математика және информатика пәні мұғалімі (Шымкент қаласы); 1992-1994 жылдары - Облыстық педагог кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтының "Жаратылыстану пәндері және математика" кафедрасының аға оқытушысы (Шымкент қаласы); 1994-1997 жылдары - Х.А.Ясави атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің аспиранты (Шымкент қаласы); 1997-1999 жылдары - Облыстық педагог кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтының инновациялық технологиялар зертханасының меңгерушісі (Шымкент қаласы); 1999-2000 жылдары - Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясының Кәсіптік білім институтының ғылыми хатшысы (Алматы қаласы); 2000-2001 жылдары - Республикалық ғылыми-педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру институтының (РИПКСО РК), Информатика кабинетінің меңгерушісі (Алматы қаласы); 2001-2004 жылдары - Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясының Кәсіптік білім институтының директорының орынбасары (Алматы қаласы); 2004-2010 жылдары - М.Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясының, жалпы кәсібибілім беру факультеті деканының орынбасары; Ақпараттық жүйелер кафедрасының доценті (Алматы қаласы); 2010 жылдан - қазіргі уақытқа дейін Абай атындағы ҚазҰПУ "Информатика және білімді ақпараттандыру" кафедрасының доценті (Алматы қаласы).
БІЛІМІ
ҒЫЛЫМИ ДӘРЕЖЕСІ
ҒЫЛЫМИ АТАҒЫ
ОҚЫТАТЫН ПӘНДЕРІ: Ақпараттық қауіпсіздік негіздері; Бағдарламалау тілдері мен технологиялары; Бағдарламалау; Жүйелік бағдарламалау; Білім берудегі цифрлық технологиялар;
ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚЫЗМЕТІ: Зерттеу тақырыбы: Педагог кадрлерді даярлау және білім беруде цифрлық технологияларды қолдану мәселелері. Жарияланымдар саны: 60-ден астам ғылыми, оқу-əдістемелік еңбектері жарияланған, оның ішінде 1 монография, Scopus халықаралық ғылыми базада мақала - 3, h-индекс Хирша - 1. (соңғы 5 жариялым): 1. Akhmetova, Z.A., Issabayeva, D.B., Rakhimzhanova, L.C., Tulbassova, B.К., Developing a Culture of Academic Integrity in Examinations in a Distance Learning Environment. International Journal of Information and Education Technology, 2022, 12(11), pp. 1229-1236, Scopus, Процентиль 43. 2. Халықова К.З., Идрисов С.Н., Тульбасова Б.Қ. Педагог мамандардың цифрлық құзыреттілігін дамыту мәселелері// Абай ат.ҚазҰПУ хабаршысы. Педагогикалық ғылымдар сериясы №3(75), 2022. 149-156 бб. 3. Тульбасова Б.Қ., Салыкова А.Н. Цифрлық білім ресурстарын орта мектепте қолдану ерекшеліктері. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршы, «Физика-математика ғылымдары» сериясы, №2, 2020, 227-231 б. 4. Тульбасова Б.Қ. Функция графигін тұрғызуда MathCad компьютерлік жүйесін қолдану әдістемесі. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршы, «Физика-математика ғылымдары» сериясы, №1, (65), 2019, 321-326 б. 5. Тульбасова Б.К. Вопросы внедрения цифровых образовательных ресурсов при подготовке будущих учителей. Вестник КазНПУ им.Абая, Серия «Физико-математические науки», №2, (62), 2018, стр. 187-190
МАРАПАТТАР: Университеттің дамуына қосқан үлесі үшін "Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіне 90 жыл" мерейтойлық медалімен марапатталды. Куəлік №868 13.12.2018 ж.
← Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|