қазақша · русский · english
   
Оқу басқармасы
 Таубаева Ғалия Закарьяқызы
Доцент
Педагогика ғылымдарының кандидаты
Төле би көшесі, 31
galiya_63@bk.ru

 

 

Оқу басқармасының құрамына мынадай бөлімдер кіреді:

  • Оқу бөлімі;
  • Студенттер бөлімі;
  • Жұмыспен қамтамасыз ету және тәжірибе бөлімі;
  • Оқытудың техникалық құралдары бөлімі;
  • Академиялық ұтқырлық секторы.

Оқу басқармасының қызметкерлері ҚР БҒМ-нің РОӘК-ң «Білім» тобындағы мамандықтар бойынша ОӘК-нің жұмыс органы болып табылады.

 

Оқу басқармасының негізгі қызметері болып табылатындар:

  • «Білім» тобындағы мамандықтарды дайындайтын білім ұйымдарындағы оқу-әдістемелік іс-әрекеттің өзара байланысын іске асыру;
  • Еңбек нарығындағы мамандықтардың қажеттілігіне қарай кепілдеме даярлауға қатысу;
  • Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға арналған мемлекеттік жалпыға бірдей стандартты жаңалауға және дамытуға қатысу;
  • Жоғары білім және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға арналған мамандықтардың пәндері бойынша типтік оқу бағдарламаларын жасауға қатысу;
  • Жоғары оқу орындарындағы инновациялық әдісті оқып үйрену;
  • Конференцияларды, семинарларды және жоғары оқу орнындағы мәселелер жөніндегі жиналыстарды ұйымдастыруға қатысу;
  • Оқу үдерісі мен білім сапасының тиімділігін көтеру;
  • Факультет және кафедралардағы оқу үдерісін үйлестіру;
  • Жас оқытушылардың педагогикалық шеберліктерінің сапасын көтеру;
  • Факультет және кафедралардың оқу жұмыстарын талдау және нәтижелерін қорыту;
  • Университеттегі оқу үдерісін ұйымдастыру және жетілдіру;
  • Оқу үдерісінің мазмұнын талдау, кафедраларға жаңа технологияларды енгізуді қадағалау;
  • Мемлекеттік білім беру гранттарында және ақылы түрде оқитын күндізгі және сырттай оқыту нысандары студенттерінің іс-қағаздарын жүргізу (жеке іс-парағы, сынақ кітапшаларын, студенттік билеттерін, анықтамаларды тіркеу және тарату, т.б.);
  • Студенттер контингентінің қозғалысын қатысты өкімдер мен бұйрықтарды дайындау;
  • Жұмыс берушілермен және халықты жұмыспен қамтамасыз ету аясындағы аймақтық өкілетті органдармен мамандарды даярлауға байланысты әлеуметтік серіктестікті дамыту;
  • Тиісті мамандықтар бойынша мектептер мен кәсіпорындарда бос орын және университет бітірушілері туралы ақпарат алмасуын жүргізу;
  • Бос орын жәрмеңкесін ұйымдастыру және қатысу

 Оқу басқармасы сапа менеджменті жүйесінің аумағында:

  • Сапа менеджменті жүйесі үшін барлық процесстердің әзірленуі, енгізілуі және жұмыс жағдайында болуына жауапкершілікпен қарайды;
  • Студенттің, магистранттың, білімін жоғарлатуға келген тыңдаушының қойған талаптарына жауап береді;
  • СМЖ-дегі қойылған талаптар мен ескертулерді орындалғанын бақылап отырады.

Оқу басқармасының кепілдемені енгізуді ұйымдастыруында:

  • Оқу басқармасы, тұтынушының талабына сай (студент, магистрант, тыңдаушының) ҚР ЖММБС-тына, ИСО 9001:2000 стандартына сай келуіне жүргізілген жұмыстарды ұйымдастыруға қатысады;
  • РОӘК, ОӘБ, ҚР ҰБМСТО-ның ұйымдастыруымен өткізетін жиналыстар мен отырыстарға қатысады.