Негізгі бет
Жаңалықтар
12.01.2016 «Ұстаздыққа алғашқы қадам» Филология институты филологиялық пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасының ұйымдастыруымен 2016ж 11.01.күні «Ұстаздыққа алғашқы қадам» атты 4-курс студенттерінің педагогикалық іс-тәжірибеден өту конференциясы болып өтті. Сонымен қатар, конференцияда тағы бір айтулы іс-шара біріктіріліп өткізілді. Ол біздің бітіруші түлектерімізді жұмыспен қамту мақсатында жүргізіліп отырған «Бос орындар жәрмеңекесі». Конференцияға Алматы қаласы мектептерінің директорлары мен оқу ісі меңгерушілері, мұғалімдері қатысты. Конференцияны институт директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Б.Әбдіғазиұлы ашып, кафедра меңгерушісі Р.Ә.Шаханова өндірістік іс-тәжірибенің жауапкершілігі жайында ой қозғап, қонақтар өз мектептерінің іс-тәжірибелерімен бөлісті. Конференцияның мақсаты Филология институты бітірушілерінің ұстаздық мамандыққа дайындығын әдістемелік, педагогика, психологиялық тұрғыдан байқау болды. Конференция студенттердің іс-тәжірибеден өту дайындығын байқауға бағытталған жарыс түрінде өткізілді. Жарыс соңында жеңімпаздар марапатталып, әдіскерлер студенттерге өндірістік іс-тәжірибеден өтуге сәттілік тіледі.
Филологиялық пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасы |