қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
26.12.2019

Мектепте физика пәнін оқыту мәселелері талқыланады


2019 жылдың 24 желтоқсан күні Математика, физика және информатика институтының «Физика» кафедрасы базасында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «Мектепте физиканы оқыту мәселелері: инновациялық идеялар мен білім беру бағдарламалары» тақырыбында ІІ дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел жұмысына шетелдік қонақтар, ұлттық университеттер мен ҚР ҰҒА ғалымдары, жұмыс берушілер мен қоғам өкілдері қатысты.

 

Дөңгелек үстелге бірінші проректор Мақтағали Бектемесов , оқу ісі жөніндегі проректор Асан Сатмырзаев , математика, физика және информатика институтының директоры Мұрат Бекпатшаев  қатысты.

 

Іс-шара барысында Лейпциг университетінің (Германия) профессоры Махаббат Кенжегалиева, әріптестері Данагүл Қазақбаева және Шерипидин Хамраев бандама жасады. Баяндамаларда орта білімнің жаңартылған мазмұны, Қазақстан Республикасы мен Германияның жоғары оқу орындарында білім беру бағдарламаларын жобалау ерекшеліктері туралы ақпарат берілді.

 

Пікірталасқа ұлттық университеттердің өкілдері - Құндыз Түреханова, Асылгүл Габдуллина, Бекболат Ташев, Қуатбай Бисембаев қатысты. Бұл үдерісте мұғалімнің рөлі зор. Педагог, әсіресе педагогикалық жоғары оқу орнының түлегі, білім беру процесінде негізгі тұлға болуға мүмкіндік беретін білім, дағды, құзыреттілік пен тәсілдер жиынтығы болуы өте маңызды.

 

Профессор Косов В.Н. ІІ дөңгелек үстел жұмысын қорытындылады, баяндамашылар мен іс-шараға қатысушыларға алғысын білдірді, сондай-ақ білім беру бағдарламаларын жобалау процесінде, сондай-ақ бәсекеге қабілетті мамандарды дайындауда ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті.

 

   

 

   

 

Физика кафедрасы