Main
News
11.12.2019 Студенттер «Көшпенділер қаласына» саяхаттады!
2019 жылы 10 желтоқсанда Жастар жылы аясында құрылған студенттік өзін-өзі басқару ұйымы және 2019-2020 жылы жаңадан сайланған Студенттік ректораттың бастамасымен университетіміздің жастары Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздікті бірге ұлықтайық!» ұранымен Алматы облысында орналасқан «Көшпенділер шахары» (Қапшағай қ.) тарихи-мәдени кешеніне танымдық-ағартушылық іс-шарасын өткізіп қайтты.
Сессия емтихандары алдындағы демалыс күндерін пайдалана отырып, жатақханада тұратын белсенді студенттер мен шетелдік студенттерді отаншылдық рухта, мемлекетшілдік сезімде тәрбиелеу үшін оларды тарихи-рухани орталарға апарып, ашық аспан астында қызықты қоғамдық дәрістер ұйымдастырылды. Бұл саяхат өте қызықты өтті.
Сонымен бірге, әлеуметтік желіде аталған студенттік саяхаттың барысы туралы арнайы фото және ықшам бейнебаян түсіруге байқау жарияланды.
Танымдық дәрістерді өткізу аясында университеттің Жас ғалымдар кеңесінің төрағасы, тарих ғылымының PhD докторанты Руслан Сейтқазиевтың ата-бабаларымыздың арғы тарихы Сақ-үйсін кезеңінен бастап, Түркі қағанаты, Алтын орда, Моғолстан, Жетісу аймағының бай тарихи-рухани құндылықтарын дәріптейтін өлкетану, археология, этнография, қазақ тарихы, тарихи-география т.с.с кешенді ғылымдардың деректерімен сусындаған мазмұнды ақпараттары аталған саяхатқа қатысушы жас білім алушыларды қызықтырмай қоймады.
Еліміздің «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы аясында қолға алынған университеттік «Рухани жаңғыру» Жобалау кеңсесінің белсенді менеджері Рашид Сеитов студенттік қауымға арналған тәлім-тәрбиелік бағыттардың бірі ретінде алдағы уақытта да осындай студенттік туризмді дамытуда еліміздің бай мәдени-тарихи орындарымен танымдық-ағартушылық жобалардың көптеп іске асырылатынына сенім білдірді.
Жастар жылы аясындағы студенттік саяхат жобасы өзінің студенттік ортада қажеттілігін тағы да дәлелдеп бақты.
Студенттік ректорат |