қазақша · русский · english
   
  Main  News
05.04.2011

2011 жылдың 30-наурызы Тарих факультетінде

«Ашық есік» күні өтті

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің тарих факультетінде наурыз айының соңғы күнінде мектеп бітіруші түлектерге арналған «Ашық есік» күні болып өтті. Шараға белгілі тарихшылар, университет басшылығы, факультеттің ұстаздары және 11 сыныптың оқушылары мен ұстаздары қатысты. Шара факультетті таныстырудан басталды. Сөз алған факультет деканы, тарих ғылымдарының докторы Ғабит Кенжебаев мырза оқу орнының тарихына тоқталып, мемлекет үшін тарихтың орны үлкен екендігін тілге тиек етті. Бұл шараның ерекшелігі - мектеп бітірушілердің арасында тарих пәнінен олимпиада өткізілді. Оған Алматы қаласынан және облыстың бірқатар мектептерінен оқушылар қатысты. Олимпиада 2 кезеңнен тұрды. Алғашқы кезеңде тест тапсырса, екінші кезеңде ашық пікір алмасу болды. 187 оқушы бақ сынаған аламанда Алматы облысының Жаркент қаласынан келген Қонысбаев Жомарт жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар болып табылды. Ал екінші орынды Жолымбетова Салтанатпен Айтжанова Назгүл иеленсе, үшінші орынға Қырғызхан Гулбаршын, Дарханова Сандуғаш және Сайрамбай Дәулет өзара бөлісті. Сайысқа қатысқан әрбір оқушыға арнайы сертификаттар тапсырылды. Бұл олимпиаданың ерекшелігі Бас жүлде алған Ж.Қонысбаев 1 жыл университетте тегін білім алуға ректор грантын иеленсе, қалған жүлдегерлер өз кезегінде 50 және 25 пайыздық жеңілдіктерге, қалған қатысушылардың барлығы 10 пайыздық жеңілдіктерге ие болды.

Жалпы ашық есік күніне 90-ға тарта тарих пәнінің мұғалімі мен олар оқытатын 1000-нан астам мектеп бітірушілер қатысса, сол мыңдықтың сегіз жүзі біріңғай ұлттық тестте төртінші пән ретінде «Жалпы тарихты» таңдаған. Бұл әрине қуантарлық жағдай, жастарымыздың ұлттық тарихқа деген қызығушылығын көрсетеді.