қазақша · русский · english
   
  Main  News
27.11.2019

Ректор Такир Балықбаев Түркия Республикасының Бас консулымен кездесті

 

  

 

2019 жылы 26 қараша күні Абай атындағы ҚазҰПУ-дың ректоры Такир Балықбаев Түркия Республикасының Алматыдағы жаңа Бас консулы Али Рыза Акынжы, білім беру атташесі Махмут Агырман және ассистент Еркен Оразбековпен кездесті.


Ректор мәртебелі қонақтардың келгендері үшін алғысын білдіріп, оларға университеттің тарихы мен шаралары, түрік университеттерімен байланыс туралы қысқаша мәлімет берді.

 

Түркия Республикасының жоғары оқу орындарымен байланыстардың дамуы мен нығаюы туралы айта келе, университет ректоры Такир Балықбаев Түркия мемлекеті еліміздің тәуелсіздігін алғашқылардың бірі болып мойындағанын және әрқашан тәуелсіз мемлекеттің дамуын қолдайтынын атап өтті.

 

Жауап ретінде Али Риза Ақынжы бауырлас екі елдің тарихи және мәдени бірлестігінің арқасында Түркия университеттерінің білім және ғылым саласындағы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетімен серіктестік қарым-қатынастарды дамытуға қызығушылығын білдірді. Сонымен қатар, ол 2017 жылдан бастап Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Филология және көптілді білім беру инcтитуты шығыс тілдері және аударма кафедрасында сабақ беріп келе жатқан Ахи Евран университетінің оқытушы-зерттеушісі Осман Қабадайдың академиялық қызметіне қосқан үлесін атап өтті.

 

Әңгіме барысында Али Рыза Акынжы Түркиядан студенттерді тарту, Абайдың 175 жылдығына арналған университеттік шараларға қатысу және Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетіндегі Еуразия ғылыми-зерттеу институтымен серіктестік қарым-қатынас орнатуға бастамашылық білдірді.

 

Білім беру саласындағы атташе Махмут Агырман өз кезегінде студенттермен екіжақты алмасуды ұлғайтуды және Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Түркия Республикасының жоғары білім беру кеңесіне қайта кіру қажеттілігін айтты.

 

Университет ректоры Такир Балықбаев білім және ғылым саласындағы бірлескен бастамалар мен жобаларды қолдауға толық дайын екендігін білдірді.

 

   

 

   

 

Халықаралық ынтымақтастық департаменті