![]()
22.08.2019 Орталық Азия жастар фестивалі өтті
2019 жылдың 22 тамызында Алматы қаласында Орталық Азия жастар фестивалі өтті. Шараға Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры Такир Балықбаев және Сорбонна-Қазақстан институтының директоры Айнұр Сәбитова қатысты.
Іс-шара Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасы Қоры мен Алматы қаласының әкімдігінің ұйымдастыруымен, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасы Қорының Атқарушы директоры - Әсет Исекешевтің және Алматы қаласының әкімі Бахытжан Сағынтаевтың қатысуымен өтті. Орталық Азия жастар фестивалінің спикерлері: Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасы Қоры Атқарушы директорының орынбасары - Игорь Рогов, Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ кеңсесінің саяси мәселелер жөніндегі кеңесшісі - Колин Маккалоу және Қазақстан мен Орталық Азия елдерінің түрлі салаларының басқа да өкілдері болды.
Бұл фестивальдің мақсаты - саяси сауаттылықты және жастардың белсенді позициясын дамыту, өңірлік интеграцияны тереңдету үшін болашақ диалог үшін алаң құру, Орталық Азия елдерінің жастары арасындағы жоспарлы ынтымақтастықты кеңейту және жас көшбасшыларының әлеуетін дамыту.
Міндеттері - жұмыссыздықпен күрес, азаматтық құқықтар мен бостандықтарды қамтамасыз ету және қорғау, экономиканы цифрландыру әдістерімен танысу; жастар мәселелерін және жастар саясатын іске асыру тетіктерін талқылау үшін диалог алаңын құру; өңірлік интеграциялық жобаларды іске асыруға белсенді жастарды тарту; жастарды Орталық Азиядағы геосаяси жағдайдың ерекшеліктерімен таныстыру; көші-қон саясаты, білім беру, экономикалық даму, ұлттық қауіпсіздік саласында мамандарды даярлау және олардың біліктілігін арттыру.
Фестивальда келесі сессиялар өткізілді: 1. «Орталық Азия Жастары»; 2. «IT-технологиялар, киберқауіпсіздік»; 3. «Көші-қон: зияткерлік капиталды сақтау»; 4. «Волонтерлық-менің СТАРТЫМ»; 5. «Бұқаралық спорт-бірлікке апаратын жол»; 6. «Post ЖОО: lifehack тірі»; 7. «Полиэтика: бейбітшілік пен келісім үлгісі».
Сонымен қатар шеберлік сыныптар мен дизайнерлік жұмыстар өткізілді.
|