қазақша · русский · english
   
  Main  News
12.04.2019

Қазақстанның білім беру кеңістігіндегі интеграция: латын негізді әліпби және емле

 

  

 

10 сәуірде «Ғылым онкүндігі-2019» аясында Латын ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен «Қазақстанның білім беру кеңістігіндегі интеграция: латын негізді әліпби және емле» тақырыбында семинар-тренинг өтті.

 

Қазіргі білім беру саласындағы интеграция кәсіби маман даярлау барысында латын әліпбилі жазу емлесі мен пәндердің білім мазмұнын біріктіре меңгертудің басты ұстанымдарын анықтауды көздейді. Семинар-тренинг қазіргі кездегі латын графикасындағы әліпби мен емленің басты мәселелерін сөз ете келіп, оларды іске асырудың жолдарын талқыға салды.

 

Семинар-тренингті Латын ғылыми-практикалық орталығының директоры Фаузия Оразбаева ашты. Ғылым департаментінің директоры Саябек Сахиев кіріспе сөз алып, Латын ғылыми-практикалық орталығының ашылуымен университет басшылығы атынан құттықтады. Семинар-тренинг жұмысында А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтыны Грамматика бөлімінің меңгерушісі, ф.ғ.д. Орынай Жұбаева мен осы институттың аға ғылыми қызметкері, ф.ғ.к. Жанар Жұмабаева ғылыми баяндама жасаса, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің PhD докторанты Назерке Жаңабаева мен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің аға оқытушысы Роза Бақбергенова өз шәкірттері Камила Абаева, Дулат Сұлтанбектермен тренингтер жүргізді.

 

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетнен келген ф.ғ.д., профессор Анар Салқынбай, А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының профессоры ф.ғ.д. Жамал Манкеева мен ф.ғ.д. Құралай Күдеринова, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің оқытушылары ф.ғ.д. Қаламқас Қалыбаева мен ф.ғ.д. Нағима Ильясова сынды ғалымдар ой бөлісте өз пікірлерін ортаға салды.

 

Семинар-тренинг жұмысының соңында Филология және көптілді білім беру институтының директоры - Балтабай Әбдіғазиұлы қатысушыларға Алғыс хат табыстады.

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

Филология және көптілді білім беру институты