About us | Главная /
Қасым Балқия Қасымқызы
Қасым Балқия Қасымқызы
ҚЫСҚАША АВТОБИОГРАФИЯ Баянаулада мектепті, Алматыда Абай атындағы ҚазПИ-ді бітірген. Содан кейін ҰҒА Тіл білімі институтында аспирантурада оқыды, филологиядан кандидаттық диссертацияны қорғады, Алматы университеттерінде жұмыс істеді, сосын докторантура, филология бойынша докторлық диссертацияны қорғады. ҚазҰПУ-да жұмыс істейді. 430-дан астам жарияланған ғылыми еңбектері бар. Ғылыми және оқытушылық қызметті біріктіреді.
БІЛІМ
ҒЫЛЫМИ ДӘРЕЖЕ
ҒЫЛЫМИ АТАҒЫ
ОҚЫТАТЫН ПӘНДЕРІ (тізімі бойынша даярлық деңгейлері) БАКАЛАВРИАТТА: қазақ тілінің сөзжасамы, қазақ тілінің морфологиясы, түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы, аталым және уәждеметану теориясы, семасиология, когнитивті лингвистика,лексикография, т.б. - қазақ тілінде сабақ береді. МАГИСТРАТУРАДА: күрделі аталым негіздері, когнитивті семантика, уәжеме теориясының негіздері. ДОКТОРАНТУРАДА: функционалды грамматика, когнитивті семантика.
ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТІ Қазақ тілінің сөзжасам, морфология, түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы, когнитивті лингвистика,лексикография, лексикология, семасиология, когнитивті лингвистика, функционалды грамматика, уәждеметану, терминология, қазақ тілінің оқуту әдістемесі курстарыт.б.мәселелеріне арнап зерттеу жұмыстарын және қазақ тілі мамандарына арналған оқулықтар, қазақ тілінің әдістемесі және өзгетілді аудиторияға арналған оқулықтар мен оқу құралдары жарық көрді. 430-ден аса ғылыми басылымдар, олардың ішінде 10 монографияҚазіргі қазақ тіліндегі күрделі етістіктер (1996), Қазіргі қазақ тілі» (авторлар бірлестігі) (1997), Күрделі зат есімдер сөздігі (1999), Күрделі аталымдар сөздігі (2016), Қазақ тіліндегі күрделі сөздер: уәждеме және аталым (2001), Қазақ тіліндегі заттың күрделі атауларының сөзжасамдық құрылымы мен үлгілері (2000, 2016), Қазақ грамматикасы (авторлар бірлестігі) (- Астана, 2002), Сөзжасам: семантика, уәждеме(2003, 2007), Қазақ тілі(авт.бірлестігі.) (2003), «Қазақ тілін оқыту әдістемесі» (авт.бірлестігі.) (2005), Күрделі аталым жасалымы: когнитивті-дискурстық ұстаным. Монография (2010), Қазіргі қазақ тілінің теориялық және қолданбалы аспектісі. Ғылыми мақалалар (2010), Қазіргі қазақ тілі. Оқулық (авторлар бірлестігі, 2005, 2012), ТҮРКІ тілдерінің салыстырмалы грамматикасы. Оқу құралы (2013), Когнитивтік лингвистика: Таным. Уәждеме. Монография (2014), Қазақ тілінің сөзжасамы. Оқу құралы (2014, 2016), Метафоралы аталым: когнитивті-семантикалық сөзжасам. Моногрфия (2015), Қазақ тілін оқыту әдістемесі (авторлар бірліестігі, 2016), Когнитивті семантика (2018), Когнитвті лингвистика (Оқу құралы)- Павлодар, 2018. т.б. еңбектер және Ғылыми Жобалар, Типтік оқу бағдарламаларының менстандарттардыңавторы.
2 мақала импакт-факторы бар журналдарда жарияланған (The formation way of independent Kazakhstan from the individualism and collectivism perspective. Journal Opcion , vol.34, Issue 85-2, 706-728 p., 2015. E- IISN: 1012-1 (Q3) )
ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚЫЗМЕТ: - зерттеу тақырыбы, Қазіргі қазақ тілі. Оқулық (авторлар бірлестігі, 2005, 2012), ТҮРКІ тілдерінің салыстырмалы грамматикасы. Оқу құралы (2013). Электрондық оқулық. «Когнитивті лингвистика (ЖОО-ның студенттеріне арналған). -Павлодар: 2018,206 б. (қазақ тілінде) т.б.
МАРАПАТТАРЫ: Екі рет 2007, 2014 жылдың «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегері, Ғылым беру саласындағы ерекше еңбегі үшін «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен (2008), «Педагогикалық қызметтегі табыстары үшін» Ы.Алтынсарин атындағы медаль (2010),ҚазҰПУ «Құрметті қызметкері» (2016), Абай атындағы Қазақ үлттық педагогикалық университетіне 90 жыл мерекелік медалімен марапатталды. №335, 18.10.2018ж.,«Баянаул ауданының Құрметті азаматы» (2019) марапатталды.
← Вернутся назад |
050010, Republic of Kazakhstan Almaty, Dostyk аve., 13
e-mail: rector@abaiuniversity.edu.kz
|
|
Admissions Office: 8(727)291-57-68
Call center: 8 (727) 221 85 14
Psychological Services Sector: 8 700 976 89 97
Сitizen reception on personal matters
|