![]()
13.03.2025 «Қазіргі білім берудегі заманауи технологиялық үрдістер» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтеді 2025 жылдың 11 сәуірінде сағат 9.00 - 13.00 (Дейвис уақыты (АҚШ) «Болашақ» халықаралық бағдарламасы «500 ғалым ғылыми тағылымдамасының стипендиаттарының ұйымдастыруымен (Калифорния университеті Дейвис, АҚШ) Ғылым күніне орай «Қазіргі білім берудегі заманауи технологиялық үрдістер» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтеді. Конференцияға жоғары оқу орындарының оқытушылары мен жетекші әдіскерлер, білім беру және филология саласының ғалымдары, ғылыми-зерттеу және білім беру мекемелерінің қызметкерлері қатысады.
Конференция офлайн-онлайн форматта, қазақ, ағылшын, орыс тілдерінде өтеді.
Конференцияның мақсаты: қазіргі білім беру саласындағы сандық трансформациясының өзекті үрдістерін талқылау, білім беру үдерісінде сандық технологияларды дамытудың болашақ бағыттарын анықтау, ЖОО-да лингвистикалық және әдебиеттану пәндерін оқытудың кәсіби деңгейін арттыру, халықаралық ғылыми ынтымақтастықты дамыту.
Конференция жұмысының басты бағыттары:
Конференцияға қатысу үшін:
Конференцияны өткізу білім беруді цифрландыру саласындағы мамандардың күш-жігерін біріктіруге, сондай-ақ білім беру мен ғылыми зерттеулердің сапасын арттыруға ықпал етеді. Қатысушылардың сұрауы бойынша электронды сертификат беріледі. |