қазақша · русский · english
   
  Main / Announcements
12.03.2025

«Ең үздік студенттік ғылыми ұйым» конкурсы өтеді


2025 жылдың 8 сәуірінде сағат 15-00, Бас оқу ғимаратында 202 аудиторияда «Ең үздік студенттік ғылыми ұйым» конкурсы өтеді. Конкурстың мақсаты: Университеттің ең үздік студенттік ғылыми ұйымын анықтау арқылы зерттеу жұмыстарымен айналысатын студенттерді ынталандыру. Конкурстың міндеттері: студенттік ұйымдардың жұмысымен танысу; университеттің ең үздік студенттік ғылыми ұйымын анықтау; білім алушылардың арасында ғылымды насихаттау; студенттерге ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу бойынша кеңес беру.


Конкурстың шарттары:
1. Ұйымның атауы - әр топтың топтық атауы болуы;
2. Ұйымның ұраны - әр топтың жеке креативті ұраны болуы;
3. Студенттік ғылыми ұйым жұмысының нәтижесі және оның мүшелерінің ғылыми еңбектері мен жетістіктерінің болуы;
4. Академиялық жазылым ережелерімен хабардар болуы;
5. Креативті идеялар мен жаңа әдіс-тәсілдер арқылы таныстырылым жасауы және оны қорғауы.

 

Конкурсқа Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің студенттік ғылыми ұйымдарының мүшелері қатыса алады.

 

Конкурстың жеңімпаздарын анықтаудың кезеңдері (турлары):
1-тур. «Менің ұйымшыл ұйымым» таныстырылым (шығармашылық таныстыру 3-5 минут). Формат: Техникалық талаптарға сәйкес рәсімделген презентация, видеоролик немесе аралас форматтағы таныстырылым. Бейнематериалдардың техникалық сипаттамасы: тараптар арақатынасының (16:9) ең төменгі (720:9); формат *.mp4; бейнематериалдың хронометражы 5 минутқа дейін.

Бағалау критерийлері: ұйым мүшелерінің шығармашылық жұмысты ұсынудағы дайындық деңгейі; ұйым жұмысының нәтижелерін дәйекті түрде көрсете білуі; ой нақтылығы және түсінікті жеткізілуі; ой өрісінің кеңдігі және логикасы.

 

2-тур. Жылдам жауап. Әр топқа 3 минут. Бұл кезеңде топ басшыларына арнайы академиялық жазылым бойынша сұрақтар қойылады. Сұраққа барынша тез, әрі нақты жауап беру қажет.

Бағалау критерийлері: ой нақтылығы және түсінікті жеткізілуі; жылдамдық, нақтылық; ой өрісінің кеңдігі және логикасы.

 

3-тур. «Біз зерттейтін мәселе». Әр топқа 5-7 минут. (Ұйым мүшелерінің жарияланымдары арқылы ғылыми ізденімпаздықтарын анықтау).

Бағалау критерийлері: ұйым мүшелерінің конференция және т.б. ғылыми іс-шараларға қатысу белсенділігі; ұйым мүшелерінің зерттеу жұмыстарын терең зерттеу деңгейі мен оның нәтижелігі.

 

Конкурстың жеңімпаздарын марапаттау: Жеңімпаздар І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен және қаржылай сыйлықтармен марапатталады.

 

Ұйымдастыру комитетінің мекенжайы: Алматы қ., Қазыбек би 30, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Жас зерттеушілер кеңесі.
Почтасы: zhas_zerteushiler@mail.ru


Конкурсқа тіркелу сұрақтары бойынша:

 

Ғылыми-әдістемелік комитет жетекшісі: Арайлым Утемисова, +7 7783667105.
Жас зерттеушілер кеңесінің мүшелері: Индира Райымбекова, +7 7072120600.
Гакку Рахимова, +7 7028038873.
Даурен Байсейтов, +7 7074985829.
Ермахан Жабаев, +7 7003542242.

 

КОНКУРСҚА ҚАТЫСУ ТЕГІН!