![]()
05.03.2025 Түрік тілі курстары туралы хабарландыру
2025 жылғы 3 наурыздан бастап Абай атындағы ҚазҰПУ қабырғасында Алматы қаласындағы Түрік Республикасы Бас консулдығының қолдауымен түрік тілі курстары ұйымдастырылады. Курстар университеттің академиялық қызметкерлері мен студенттерінің тілдік дағдыларын дамытуға, сондай-ақ түрік-қазақ қарым-қатынастарын нығайтуға бағытталған.
Сабақтар аптасына екі рет (4 сағат) жұмыс күндері сағат 17.00-ден 19.00-ге дейін және 19.00-ден 21.00-ге дейін өтеді.
Мекенжайы: Төле би көшесі, 31. Педагогика және психология факультеті (4 аудитория).
Курстарға қатысу үшін өзіңіз жайлы ақпараттарды төмендегі нөмірге жіберуіңіз керек:
Халықаралық ынтымақтастық және бағдарламалар бөлімінің жетекші маманы - Ахметбекова А.
Байланыс: 8 (705) 818 61 05.
|