![]()
25.02.2025 Биология кафедрасының кеңейтілген отырысы өтеді 2025 жылдың 7 наурызында сағат 15.00-де «8D015 - Жаратылыстану пәндері бойынша педагогтарды даярлау (6D011300 -Биология» мамандығы бойынша Джунусова Раушан Жексенбаевнаның философия докторы (РhD) дәрежесін алу үшін дайындаған «Көптілділікті оқыту жағдайында өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру негізінде болашақ биолог мұғалімдердің генетикалық білімдерін дамыту» тақырыбындағы диссертациялық жұмысы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Жаратылыстану және география факультеті биология кафедрасының кеңейтілген отырысында талқыланады.
Қорғау тілі - қазақша.
Айдарбаева Докторхан Кайсарбековна - биология ғылымдарының докторы, профессор, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті (Алматы қаласы, Қазақстан Республикасы); Азизова Ирина Юнусовна- педагогика ғылымдарының докторы, профессор, "Герцен атындағы Ресей мемлекеттік педагогикалық университеті" (Санкт-Петербург қаласы, Ресей мемлекеті).
Жумагулова Калампыр Абжаппаровна-педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (Алматы қаласы, Қазақстан); Батаева Дарига Серікқызы - философия докторы (PhD), қауым. проф.м.а. Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті (Алматы қ., Қазақстан).
Идентификатор конференции: 921 0276 4096. Код доступа: 021268.
|