Main /
Announcements
17.12.2024 Алматы қаласы бастауыш сынып оқушыларының ғылыми жобалар конкурсы басталды 2024 жылдың 18 желтоқсанында Педагогика және психология факультеті бастауыш білім беру кафедрасы Алматы қаласы мен облысының бастауыш сынып оқушыларының ғылыми жобалар III конкурсының басталғанын хабарлайды.
Конкурсқа конкурс туралы Ережеде көрсетілген талаптарға сәйкес келетін зерттеу жұмысын немесе жоба дайындаған білім беру ұйымдарының 1-4 сынып оқушылары ерікті түрде қатысады.
Конкурс 1-2 сыныптар; 3-4 сыныптар, яғни екі жас тобында келесі пәндік бағыттар бойынша өтеді: - Білім беру жобалары мен зерттеулері (пәндік салалар бойынша: математика, қазақ (орыс, ағылшын) тілі, әдебиеттік оқу, жаратылыстану, дүниетану, көркем еңбек, бейнелеу өнері, цифрлық сауаттылық, музыка). - Әлеуметтік жобалар.
Конкурстың негізгі мақсаты мен міндеттері білім алушылардың зияткерлік әлеуетін жан-жақты дамыту; оларды ғылымның, техниканың, мәдениеттің әр түрлі салаларындағы зерттеу қызметіне баулу; жобалау, ғылыми, талдамалық жұмыс дағдыларын дамыту; оқу үдерісінде алған білімдерін тәжірибеде қолдану; зерттеу жобаларын ұсыну кезінде зерттеу жұмысына бейім білім алушыларға, ұйымдастырушылық, әдістемелік қолдау қолдау көрсету болып табылады.
Мектепшілік кезең мен жұмыстарды іріктеуді 1-10-ақпан аралығында өткізуді ұсынамыз. Жартылай финалға қатысуға ұсынысын мектепшілік кезеңнің хаттамасына қоса рәсімдеу қажет.
Оқушылар 10 ақпаннан 1 наурызға дейін мектепшілік кезеңнің ұсынымдары бойынша өз жобаларын, толықтырып, ғылыми жетекшінің (студенттер, магистранттар, мұғалімдер, қосымша білім беру педагогтары, ата-аналар) пікірін және сыртқы пікірді (әдіскерлер, ЖОО педагогтары немесе жоба бейіні бойынша ғалымдар) алулары тиіс.
Жартылай финалдық кезеңге қатысу үшін жұмыстар 2025 жылдың 1-10 наурыз аралығында тіркелу сауалнамасы арқылы тіркеледі. Жартылай финалдың барлық қатысушылары алғыс хатпен марапатталады.
10-30 наурыз аралығында Абай университеті Педагогика және психология факультетінің оқытушылары, магистранттары мен докторанттары, серіктес жоғары оқу орындары мен Алматы қаласының мектеп мұғалімдерінен тұратын комиссия финалға қатысу және жобаларды көпшілік алдында қорғау үшін жұмыстарды іріктейді. Финалға қатысушылар жеңімпаз дипломдарын (1-3 орын) алады.
1-10-сәуір аралығында жария түрде қорғау және жеңімпаздарды марапаттау өтеді.
Жұмыстарды тіркеу сауалнамасы бойынша сілтеме: https://forms.gle/ia6cduvFBGtSEqTY7
|