қазақша · русский · english
   
  Main / Announcements
01.11.2024

Бос жұмыс орны: О.Досбосынов атындағы жас ақын-импровизаторлар мектебінің жетекшісі

 

Бос лауазымның атауы:

О.Досбосынов атындағы жас ақын-импровизаторлар мектебінің жетекшісі

Құрылымдық бөлімшенің негізгі функционалдық міндеттері:

 

Студенттердің шығармашылық әлеуетін дамытуға бағытталған мәдени іс-шараларды (айтыс, ақындық мүшәйралар, белгілі тұлғалармен кездесулер, белгілі ақындармен шеберлік сабақтары және т.б.) өткізу. Шығармашылық одақтармен, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдармен байланысты үйлестіреді, студенттердің шығармашылық қабілеттерін арттыруға көмектесу. Дарынды оқушыларды анықтау жұмыстарын жүргізу (айтыскер ақындар мен жазба ақындарды және шығармашыл дарынды студенттерді  іріктеу). Дарынды студенттердің облыстық, қалалық, республикалық деңгейдегі байқаулар мен іс-шараларға қатысуына қолдау көрсету.

Негізгі лауазымдық міндеттері:

 

Жетекші студенттердің белгілі сарапшы ғалымдармен, түрлі саладағы Қоғам қайраткерлерімен, университет түлектерімен дөңгелек үстелдер, әңгімелер, бетпе-бет кездесулерін өткізеді, заманауи әдістер мен креативті жобаларды қолдана отырып, білім алушылар мен оқытушылар құрамының мемлекеттік және азаматтық сана-сезімін арттыруға, «Толық адам» тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруға үлкен мән береді. Ұлттық мәдениетті, бірегейлік пен құндылықтарды сақтауға және дамытуға ықпал ететін білім беру және мәдени бағдарламаларды әзірлейді. Ұлттық мәдениет пен дәстүрге арналған іс-шараларды ұйымдастырады. Ұлттық тәрбие саласында жұмыс істейтін басқа ұйымдармен және мекемелермен серіктестік қарым-қатынас орнатады және ортақ мақсаттарға жету үшін олармен ынтымақтастық орнатады. Жетекші жылдық кешенді жоспар негізінде іс-шараның барысы туралы ақпарат алмасады, қолдау көрсетеді, қатысады. Қоғамның әлеуметтік жұмысының жай-күйін талдау, ішкі тәртіп ережелерін сақтау, құжаттарды дайындаудың белгіленген мерзімдерін сақтау, ұжымда қарым-қатынастың этикалық нормаларын сақтау, қызметтік ақпараттың құпиялылығын сақтауға міндетті

Іссапарларға шығу:

Қажетіне қарай іссапар

Білім:

 

 

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Қажетті кәсіби тәжірибе (ұзақтығы, саласы, басқалары)

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар, кемінде 2 жыл жұмыс өтілі болу

Кәсіби құзыреттер:

 

Есептер, анықтамалар, іскерлік хаттар, бұйрықтардың, өкімдік құжаттардың жобаларын жасау, хаттамалар жүргізуді және байланыс құралдарын, интернет мүмкіндіктерін пайдалануды білу

Тұлғалық құзыреттер мен сапалар:

Ұйымдастырушылық, жауапкершілік, орындаушылық, еңбекқорлық, ұқыптылық

Мемлекеттік тілді қоса алғанда, тілдерді білу (кандидат меңгеруі тиіс тілдердің тізімі)

Қазақ, орыс тілдерін меңгеру

 

Компьютерлік дағдылар:

Windows, Excel, Word және т.б. жұмыс істеу

Түйіндемені тапсыру мерзімі:

2024 жылдың 1 қарашасы

17:00 дейін

Байланыс тұлғасы:

Кадр саясаты басқармасы

+7 (727) 291-82-57