қазақша · русский · english
   
  Main / Announcements
01.11.2024

Бос жұмыс орны: «Хәкім Абай» Ұлттық тәрбие орталығының басшысы

 

Бос лауазымның атауы:

«Хәкім Абай» Ұлттық тәрбие орталығының басшысы

Құрылымдық бөлімшенің негізгі функционалдық міндеттері:

 

Білім беру ұйымдарының оқушылары арасында ұлттық-патриоттық тәрбие беру. Жоғары оқу орындарының студенттері мен магистранттары арасында ұлттық-патриоттық тәрбие беру. Балалар мен жастарға ұлттық-патриоттық тәрбие беру жүйесін нығайтуға және дамытуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу. Ғылыми-әдістемелік конференциялар, дөңгелек үстелдер, семинарлар, тренингтер, жұмыс кездесулері, ақпараттық бағдарламалар, әдістемелік ұсыныстар өткізу. Ұлттық-патриоттық тәрбие саласындағы мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде консультациялар өткізу. Университет сайтында және әлеуметтік желілерде орталық қызметін көрсету. Орталықтың қызметін жақсарту бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу. Тұлғатану мәселелеріне қатысты іс-шараларды (конференциялар мен семинарлар және дөңгелек столдар) ұйымдастыру және өткізу. Тұлғалар тағылымын, үлгі-өнегесін, мұраларын насихаттау, дәріптеу бағыты -  жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу, әйгілі бабалардың биік бәсекелік қабілетін оқу-тәрбие үдерісінде пайдалану бойынша жұмыстарды ұйымдастыру.

Негізгі лауазымдық міндеттері:

 

Басшы білім беру саласындағы жаһандық бәсекелестікке бейімделген мамандарды даярлау жөніндегі Қоғамның миссиясын орындауға ықпал етеді. Басшы студенттердің белгілі сарапшы ғалымдармен, түрлі саладағы Қоғам қайраткерлерімен, университет түлектерімен дөңгелек үстелдер, әңгімелер, бетпе-бет кездесулерін өткізеді, заманауи әдістер мен креативті жобаларды қолдана отырып, білім алушылар мен оқытушылар құрамының мемлекеттік және азаматтық сана-сезімін арттыруға, «Толық адам» тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруға үлкен мән береді. Ұлттық мәдениетті, бірегейлік пен құндылықтарды сақтауға және дамытуға ықпал ететін білім беру және мәдени бағдарламаларды әзірлейді. Ұлттық мәдениет пен дәстүрге арналған іс-шараларды ұйымдастырады. Ұлттық тәрбие саласында жұмыс істейтін басқа ұйымдармен және мекемелермен серіктестік қарым-қатынас орнатады және ортақ мақсаттарға жету үшін олармен ынтымақтастық орнатады. Орталық басшысы жылдық кешенді іс-шара шеңберінде іс-шараның барысы немесе жоспары туралы ақпарат алмасады, қолдау көрсетеді, қатысады. Қоғамның әлеуметтік жұмысының жай-күйін талдау, ішкі тәртіп ережелерін сақтау, құжаттарды дайындаудың белгіленген мерзімдерін сақтау, ұжымда қарым-қатынастың этикалық нормаларын сақтау, қызметтік ақпараттың құпиялылығын сақтауға міндетті

Іссапарларға шығу:

Міндетті

Білім:

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Қажетті кәсіби тәжірибе (ұзақтығы, саласы, басқалары)

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар, кемінде 2 жыл жұмыс өтілі болу

Кәсіби құзыреттер:

 

Есептер, анықтамалар, іскерлік хаттар, бұйрықтардың, өкімдік құжаттардың жобаларын жасау, хаттамалар жүргізуді және байланыс құралдарын, интернет мүмкіндіктерін пайдалануды білу

Тұлғалық құзыреттер мен сапалар:

Ұйымдастырушылық, жауапкершілік, орындаушылық, еңбекқорлық, ұқыптылық, ұжымда жұмыс істеу қабілеті болу

Мемлекеттік тілді қоса алғанда, тілдерді білу (кандидат меңгеруі тиіс тілдердің тізімі)

Қазақ, орыс тілдерін меңгеру

 

Компьютерлік дағдылар:

Windows, Excel, Word және т.б. жұмыс істеу

Түйіндемені тапсыру мерзімі:

2024 жылдың 1 қарашасы

17:00 дейін

Байланыс тұлғасы:

Кадр саясаты басқармасы

+7 (727) 291-82-57