Main /
Announcements
04.10.2024 Бастауыш сынып оқушыларына арналған өлкетану математикалық есептері бойынша студенттердің V халықаралық конкурсы
Абай атындағы ҚазҰПУ Педагогика және психология факультеті бастауыш білім беру кафедрасы бастауыш сынып оқушыларына арналған өлкетану математикалық есептері бойынша студенттердің V халықаралық конкурсын өткізеді.
Конкурстың мақсаты мен міндеттері:
1. Студенттердің туған өлке салт-дәстүрлеріне, мәдениеті мен тарихына деген қызығушылықтарын арттыру. 2. Өлкетану есептерін құрастыру барысында студенттердің зерттеушілік, өлкетанымдық, этнографиялық әрекеттерін дамыту. 3. Олардың өз еліне деген патриоттық қатынасын, оның тарихи және мәдени мұраларға жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу. 4. Математикаға икемділіктері мен қабілеттері бар студенттерді анықтау, дамыту және қолдау көрсету. 5. Студенттердің оқу-әдістемелік әрекетке деген мотивациясы.
Конкурс 2024 жылдың 05 қазанында жарияланады. Конкурсқа ұсынылатын жұмыстар 2024 жылдың 25 қазанына дейін қабылданады.
Конкурс қашықтан өткізіледі: Конкурс комиссиясының жұмыстарды іріктеуі 2024 жылдың 28 қазанынан 2024 жылдың 08 қарашасына дейін жалғасады. Нәтижесін хабарлау - 2024 жылдың 11 қарашасы.
Конкурс екі топта жүргізіледі: 1-топ - 1-2 курс студенттері, мектептегі педагогикалық сынып оқушылары, педагогикалық колледждердің студенттері (кіші топ, математика әдістемесін оқымағандар); 2-топ - 3-4 (5) курс студенттері немесе педколледжден кейінгі қысқартылған бөлімде оқитын студенттер (үлкен топ, әдістемені оқып жатқан немесе әдістемеден білім алғандар).
Қатысу тілі: қазақ, орыс, ағылшын.
Конкурс номинациялары: 1. «Туған өлкенің сәулет өнері (архитектурасы)»;
Жұмыстар сілтеме бойынша тіркеу нысанына ілінеді: https://forms.gle/y8fgn9SaMCHjvGQt7
|