қазақша · русский · english
   
  Main  News
12.03.2019

 

Экономика пәні бойынша оқушылардың қалалық
турнирі (олимпиада)

 

  

 

ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» ғылыми-практикалық орталығы Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Тарих және құқық институтының «Құқықтану» кафедрасында жоғары сынып оқушыларына арналған экономика пәні бойынша XIII қалалық турнир өткізді.


Турнирдің басты мақсаты: экономика негіздерін ғылым ретінде игеруге қызығушылық білдірген дарынды оқушыларды анықтау, оларды қолдау және дамыту; экономика саласында оқушыларға алғашқы кәсіби білім беру дайындығын жүргізу.


Экономика пәні бойынша мектеп оқушыларының қалалық турниріне дарынды балаларға арналған мектеп-гимназия, лицей, жалпы білім беретін мектептердің 10-11 сынып оқушылары қатысты.


Экономикалық турнир аясында теориялық және практикалық турлар өткізілді. Байқау барысында қатысушылар бизнесті дамыту, кәсіпорынның маркетингтік саясатын қалыптастыру, нарықты зерттеу, компанияның ғылыми-зерттеу жұмысы және қаржы ресурстарын басқару бойынша тиімді шешімдерді тез қабылдау дағдыларын көрсете білді. Оларға кафедраның профессор-оқытушылар құрамынан бекітілген әділ-қазылар төрелік етіп, жұмыстарын бағалады. Нәтижесінде турнирдің жеңімпаздары Алматы қаласы Білім басқармасының І, ІІ және ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталды.


І және ІІ орынға ие болған жеңімпаздар 2019 жылдың 26-28 наурызда аралығында Алматы қаласында (Қазақcтан-Британ техникалық университеті базасында) өтетін Экономика пәні бойынша Республикалық турнирге жолдама алды.

 

   

 

   

 

   

 

Тарих және құқық институты