қазақша · русский · english
 
 
   Главная / Хожанов Нұрлыбек Тойшыбекұлы

Хожанов Нұрлыбек Тойшыбекұлы

 

ҚЫСҚАША АВТОБИОГРАФИЯ

Мен, Хожанов Нұрлыбек Тойшыбекұлы, 1993 жылдың 01 қазан айында, Өзбекстан, Науаи облысы, Өтемұрат  ауылында дүниеге келдім.

2000 жылы Қарағанды облысы, Приозерск қаласында, №1 орта мектебінің 1 сыныбына барып, мектепті 2009 жылы бітірдім.

2009-2013 жж. Алматы индустриалды колледжінде, «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыздандыру» маманы бойынша білім алдым.

2013-2016 жж. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті Ақпараттық технологиялар институтының бакалавриатында білім алдым.

2017-2021 жж. С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті Ақпараттық технологиялар департаментінде, инженер программист маманы бойынша қызмет жасадым.

2018-2020 жж.  Нархоз Университетінің магистратурасында білім алдым

2021-2024 жж. Абай атындағы ҚазҰПУ-да Білім беруді цифрландыру департаменті Техникалық бөлім бастығы бойынша лауазымдық міндетін атқардым.

2024 жылдың қыркүйегінен бастап Абай атындағы ҚазҰПУ Математика, физика және информатика институтының информатика және білімді ақпараттандыру кафедрасында оқытушы қызметіндемін.

 

БІЛІМІ

Білім беру мекемесі

Біліктілігі

Аяқтау уақыты

Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті

5В070300 - Ақпараттық жүйелер мамандығы бойынша техника ғылымдарының бакалавры

2016 ж.

Narxoz университеті

5В070300 - Ақпараттық жүйелер мамандығы бойынша техника ғылымдарының магистрі

2020 ж.

 

ОҚЫТАТЫН ПӘНДЕРІ  

Компьютерлік желілер және ақпараттық қауіпсіздік

Деректер базасы жүйелері

Цифрлық құрылғылардың архитектурасы және операциялық жүйелер

Информатиканың теориялық негіздері

Компьютерлік желілер және ақпараттық қауіпсіздік

Жасанды интеллект негіздері


ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚЫЗМЕТІ

Информатиканың ғылымдар жүйесіндегі орны: республикалық ғылыми-әдістемелік және педагогикалық журнал Ziyatker, Ziyatker №5, 2024 Б.17-20  Хожанов Н.Т.

 

 


← Вернутся назад