қазақша · русский · english
   
  Main / Announcements
27.06.2024

«Өскелең ұрпақтың психикалық денсаулығы» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы


2024 жылдың 18 шілдесінде «REINHARDSHÖHE» Оңалту клиникасының ұйымдастыруымен (Бад Вильдунген, Гессен, Германия) Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Педагогика және психология факультеті, мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасында (Алматы, Қазақстан) Q University академиялық мектебі «Психология және журналистика» (Алматы, Қазақстан), Almau Almaty manadgemet университеті (Алматы, Қазақстан) және Алматы қаласы білім басқармасының «Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталықтарының» (Алматы, Қазақстан) қатысуымен «Өскелең ұрпақтың психикалық денсаулығы» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы онлайн түрде өтеді.


Конференция ИРН АР19679368 «Білім беруді цифрландыру жағдайында өскелең ұрпақтың психологиялық денсаулығын сақтаудың инновациялық технологиясы ретінде ертегі терапиясының интегративті тәсілі» жобасы аясында ҚР ҒЖБМ қаржыландыруымен ұйымдастырылады.


Конференцияның мақсаты: Оқу процесіне қатысушылардың психикалық денсаулығын сақтауда әлеуметтік-педагогикалық және психологиялық қолдаудың маңызын ашу.


Қатысушылар: ғалымдар, жоғары оқу орындарының оқытушы-профессорлар құрамы, білім беру жүйесінің басшылары, психологтар, әлеуметтік педагогтар, мұғалімдер, докторанттар, магистранттар, студенттер және жас ғылыми зерттеушілер қатыса алады.


Конференция жұмысының бағыттары (секциялары):


1. Интегративті ертегі терапиясы: теория және практикалық қолдану;
2. Стрессменеджмент білім беру процесі субъектілерінің психикалық денсаулығын сақтаудың негізі ретінде;
3. Білім берудегі денсаулық сақтау технологиялары: психолог, педагог және әлеуметтік педагог қызметіндегі инновациялар;
4. Білім беру жүйесінің өзекті мәселелері.