Абай университетінің бос жұмыс орындарына конкурс жарияланады
«Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті» Коммерциялық емес акционерлік қоғамы факультет деканы орынбасарларының бос лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды:
1. «Өнер» факультеті бойынша:
- деканның оқу ісі - ғылым және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары лауазымына;
- деканның тәрбие ісі жөніндегі орынбасары лауазымына;
2. «Дене шынықтыру және әскери дайындық» факультеті бойынша:
- деканның оқу ісі - ғылым және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары лауазымына;
3. «Педагогика және психология» факультеті бойынша:
- деканның ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары лауазымына;
4. «Тарих және құқықтану» факультеті бойынша:
- деканның ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары лауазымына.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Факультет деканының оқу ісі - ғылым және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары лауазымына:
Жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, ғылыми дәрежесі (ғылыми атағы), білім беру ұйымдарында басшылық лауазымдарда немесе мамандығы бойынша кемінде 3 жыл жұмыс өтілі болуы және білім саласы бойынша нормативтік-құқықтық актілерді білуі тиіс.
Факультет деканының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары лауазымына:
Жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, ғылыми дәрежесі немесе магистр академиялық дәрежесі, білім беру ұйымдарында басшылық лауазымдарда немесе тәрбие жұмысы бойынша кемінде 3 жыл жұмыс өтілі болуы және білім саласы бойынша нормативтік-құқықтық актілерді білуі тиіс.
Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттар ұсынылады:
1) белгіленген нысанда өтініш (Қосымша 1);
2) конкурсқа қатысушының жеке басын растайтын құжаттың көшірмесі;
3) конкурсқа қатысушының 3х4 мөлшердегі түрлі-түсті фотосуретімен қызметтік тізімі (Қосымша 2);
4) білімі, ғылыми дәрежесі туралы дипломдардың көшірмелері және салыстыру үшін олардың түпнұсқалары;
5) жұмыс орны бойынша (қазіргі немесе соңғы) кадрлық қызмет куәландырған еңбек жолын растайтын құжаттың көшірмесі;
6) Бас ғалым хатшы куәландырған ғылыми жұмыстар мен өнертабыстардың тізімі (соңғы 3 жыл ішінде);
7) қайта даярлау және біліктілігін арттыру туралы куәліктердің көшірмелері (бар болған жағдайда) және салыстыру үшін түпнұсқалары (соңғы 3 жыл ішінде);
8) № 075 нысан бойынша Медициналық анықтама/ немесе санитарлық кітапшасының көшірмесі;
9) адамның қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны немесе жасамағаны туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама (сотталмағандығы туралы анықтама);
10) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама (басшы лауазымдар үшін);
11) қосымша құжаттар: соңғы жұмыс орнынан мінездеме және/немесе ұсыныс хат, сондай-ақ үміткер біліміне, кәсіби деңгейіне және т. б. қатысты қосымша ақпараттарды беруге құқылы.
12) Алдағы 3 жылдағы факультеттің даму бағдарламасының жобасы бойынша презентация (презентация электронды нұсқада ұсынылады, көлемі 5-6 слайдтан аспауы тиіс).
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік 10 (он) жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
Конкурстың өткізілетін күні мен орны қосымша хабарланатын болады.
Жоғарыда көрсетілген құжаттарды белгіленген мерзімде сканерленген нұсқада hr.konkurs@abaiuniversity.edu.kz электрондық поштаға ұсыну қажет және Алматы қ., Достық даңғылы, 13 (№102 кабинет, 1 қабат) мекенжайы бойынша жұмыс күндері сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін қолма-қол қабылданады.
Анықтама телефоны: 8(727) 291-34-35