қазақша · русский · english
 
 
   Главная / Акперов Нұрлан Қадырханұлы

Акперов Нұрлан Қадырханұлы

 

ҚЫСҚАША ӨМІРБАЯН

Акперов Нұрлан Қадырханұлы 1997 жылғы 15 шілдеде дүниеге келген. Ұлты - қазақ. 2015 жылы Жетісу облысы Талдықорған қаласындағы Дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын физика-математика бағытындағы №20 арнаулы лицейді «Алтын белгімен» аяқтады.

2015 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің механика-математика факультетіне оқуға түсті. Студент кезінде республикалық студенттер олимпиадаларының үш дүркін жүлдегері болды. Университетті 2019 жылы үздік дипломмен бітірді.

2019 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің физика-техника факультетінің магистратурасына оқуға түсті. 2021 жылы магистратураны аяқтап, педагогика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алды.

2020 жылы еңбек жолын Алматы қаласындағы И.В. Панфилов атындағы №54 Қазақстан-Ресей мамандандырылған лицейінде математика пәнінің мұғалімі қызметінен  бастады. Сондай-ақ Алматы қаласындағы «№90 мамандандырылған лицей» және «№165 мамандандырылған лицей» сияқты үздік физика-математика бағытындағы мектептерде жұмыс істеді.

2022 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «8D01501-Математика» мамандығы бойынша PhD докторантурасына оқуға түсті.

2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап Абай атындағы ҚазҰПУ-дың математика, физика және информатика факультетінің математика, физика және информатиканы оқыту әдістемесі кафедрасында оқытушы болып жұмыс істейді.

 

БІЛІМ

Оқу мекемесі

Біліктілігі

Бітіру күні

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

Бакалавриат

2019 ж.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

Магистратура

2021 ж.

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті

PhD докторантура

2025 ж.

 

ҒЫЛЫМИ ДӘРЕЖЕ

Ғылыми дәреженің атауы

Ғылыми облысы

Диплом берілген күні

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

Педагогика ғылымдарының магистрі

2021 ж.

 

ОҚЫТАТЫН ПӘНДЕРІ

Бакалавриатта: Математикалық есептерді шешуге арналған практикум, Математикалық есептерді шешуге арналған практикум-2.

Магистратурада: Математикадан мәтіндік есептерді шешудің қолданбалы аспектілері, Математикадан экстремумдарға арналған қолданбалы есептерді шешу әдістемесі.

 

ҒЫЛЫМИ -ӘДІСТЕМЕЛІК ҚЫЗМЕТ

Ғылыми мақалалар:

Абылкасымова, А., Тұяқов, Е., Разақ, Ж., Акперов, Н., & Кенжебек, Х.  Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын контекстік есептер арқылы қалыптастыру. «ҚР ҰҒА хабаршысы», №4, 2024. https://doi.org/10.32014/2024.2518-1467.783


← Вернутся назад