Main
News
28.02.2019 ЮНЕСКО қолдауымен өткен поэтикалық фестиваль
26 ақпанда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Олжас Сүлейменовтың шығармашылығына арналған «Бекзат тұлға игілікті ісімен асқақ» тақырыбында поэтикалық фестиваль өткізілді.
Фестиваль ЮНЕСКО қолдауындағы «Мәдениеттерді жақындастыру орталығы», Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі департаменті және «Орыс тілі мен әдебиеті» кафедрасының ұйымдастыруымен өтті.
Фестиваль қонақтары қатарында «Мәдениеттерді жақындастыру орталығының» жетекші ғылыми қызметкері, профессор Сәуле Қалиева; ЮНЕСКО-ның Алматы қ. өкілі Ms. Anaer Yeejiang; жазушы, әдеби басылымдар редакторы, Қазақстан жазушылар Одағының мүшесі Бахытжан Қанапиянов болды.
Жиналған қауымды университеттің Оқу ісі жөніндегі проректоры Асан Сәтмырзаев құттықтады. Олжас Сүлейменовтың шығармашылығын жете зерттеген маман, профессор Қарлығаш Бузаубағарова өз ойымен бөлісті.
Университет студенттері, магистранттары және оқытушылар жиналған ортада әр тұлға сырлы поэзия әлеміне бойлап, жан тазалығын сезінді. Олжас Сүлейменовтың өлеңдерін шынайы сезіммен, асқан толғаныспен жатқа айтқан болашақ филологтар аудиторияны баурап алды. Қазақ ұлттық аграрлық университеттен келген қонақтарымыз да ақынның өлеңдерімен тыңдаушыларын тәнті етті.
Фестиваль модераторы, «Мәдениеттерді жақындастыру орталығының» ғылыми қызметкері Игорь Крупко мен «Орыс тілі мен әдебиеті» кафедрасының меңгерушісі, профессор Сәуле Қалиева қорытынды сөзінде - поэтикалық фестиваль біздің жастарымыздың өміріндегі маңызды да ұмытылмас оқиға деп көрсетті. Бұндай кездесулер болашақ педагогтардың рухани, мәдени жетілуіне ықпал етеді.
Орыс тілі мен әдебиеті кафедрасы |