Main /
Announcements
05.06.2024 «BR18574162 Инклюзивті бағдарланған арнайы педагогтерді даярлау» ғылыми бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру курсы
2024 жылдың 10-21 маусым аралығында білім сапасын арттыру және тиімді ғылыми-зерттеу тәжірибесін тарату мақсатында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің базасында «Инклюзивті білім беруді жүзеге асыру үшін ЖОО оқытушыларын даярлау» тақырыбында біліктілікті арттыру курстарын өткізу жоспарлануда.
Спикерлер: арнайы және инклюзивті білім беру саласындағы ғалымдар, профессор-оқытушылар құрамы. Қатысуға жоғары және жоғарғы орнынан кейінгі білім беру орындарының профессор-оқытушылар құрамы, арнайы педагогтар, практиктер және қызығушылық білдіруші тұлғалар шақырылады.
Өтетін уақыты: 10-21 маусым 2024 жыл Формат: онлайн/оффлайн zoom: 388 434 77 81 коды: 1206 |