About us | Главная /
Сауытбеков Мурат Есалиевич
Сауытбеков Мурат Есалиевич
Қысқаша өмірбаяны Сауытбеков Мурат Есалиевич 1975 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс ауданы Арыс қаласында туған. Ұлты-қазақ. 1992 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс ауданы Арыс қаласында В.Комаров атындағы №8 орыс орта мектебін бітірген. 1997 жылы ҚР ҰҚК Әскери институтына "Бөлімшенің қызметтік-жауынгерлік іс-әрекетін басқару" мамандығы бойынша оқуға түсті. Оқу кезінде институттің курсанттык өміріне белсенді қатысуға тырысты. Курсант кезінде жастар мен студенттердің бірқатар республикалық форумдарына қатысты. 2000 жылы әскери институтті бітірді. 2000 жылдан 2005 жылға дейін ҚР ҰҚК Шекара Қызметінің Ақтау шекара отрядында "Бейнеу-темір жол" бақылау өткізу пунктінің ауысым жетекшісі, 2005-2006 жылдар арасында Батыс-Қазақстан облысы Жәнібек ауылында застава бастығының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмысы бойынша орынбасары, 2006-2010 жылдар Жәнібек шекара отрядында мемлекеттік шекара күзету бөлімшесінің аға офицері лауазымдарында қызмет атқарды. 2011-2016 жылдар арасында ҚР ҰҚК Шекара қызметінің Үшарала шекара отрядында мемлекеттік шекара күзету бөлімшесінің аға офицері, 2016-2017 жылдар арасында десанттық-шабуылдаушы мотоманеврлік тобы бастығының орынбасары, 2017-2020 жылдар арасында оқу-жаттығу орталығының бастығы лауазымдарында қызмет атқарды. 2020-2021 жылдар аралығында ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жамбыл обылысы бойынша департаментінің Мемлекеттік шекараны күзету басқармасының консультанты лауазымында қызмет атқарды. 2021-2023 жылдар аралығында ҚР ҰҚК Шекара академиясының Шекара қызметінің тактикасы кафедрасының аға оқытушысы лауазымында қызмет атқарды. Өзінің қызмет барысында ҚР ҰҚК, Шекара қызметінің 1,2,3 дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін», 1,2,3 дәрежелі «Қауіпсіздік қалқаны» т.б түрлі марапаттармен марапатталған. 2023 жылы құрметті зейнетке шықты. 2024 жылғы 2 құркүйектен бастап Абай атындағы ҚазҰПУ-де, Бастапқы әскери дайындық кафедрасында аға оқытушы лауазымында қызмет атқарады.
БІЛІМІ
ҒЫЛЫМИ ДӘРЕЖЕСІ
ОҚЫТАТЫН ПӘНДЕРІ Автомобиль дайындығы Әскери-дене дайындығын ұйымдастыру
← Вернутся назад |
050010, Republic of Kazakhstan Almaty, Dostyk аve., 13
e-mail: rector@abaiuniversity.edu.kz
|
|
Admissions Office: 8(727)291-57-68
Call center: 8 (727) 221 85 14
Psychological Services Sector: 8 700 976 89 97
Сitizen reception on personal matters
|