About us | Главная /
Талапов Темір Талапович
Талапов Темір Талапович
Қысқаша өмірбаяны Талапов Темір Талапович 1978 жылы Талдықорған облысы, Қапал ауданы, Қапал ауылында туған. Ұлты-қазақ. 1995 жылы Қапал ауылындағы Ғали Орманов атындағы орта мектебін бітірген. 1995 жылы ҚР ҰҚК Шекара институтына "Бөлімшенің қызметтік-жауынгерлік іс-әрекетін басқару" мамандығы бойынша оқуға түсті. 1999 жылы институтті бітірді. 1999 жылдан 2004 жылға дейін ҚР ҰҚК Шекара Қызметінің қатарында офицерлік лауазымдарында қызмет атқарды. 2004 жылы Ресей Федерациясының Москва қаласында орналасқан Пограничная академия ФСБ РФ оқуға түсті. 2007 жылы «Шекара Қызметінің құрама мен бөлімдерін басқару» мамандығын алып оқуын бітірді. 2007-2008 жылдары ҚР ҰҚК Шекара Қызметінің қатарында офицерлік лауазымдарында қызмет атқаруды жалғастырды. 2008 жылы сабақты мемлекеттік тілде бере алатын болғандықтан ҚР ҰҚК Шекара Қызметінің Академиясына шақырылды. ҚР ҰҚК Шекара Академиясында 2008 жылдан 2023 жылға дейин оқытушы лауазымынан факультет бастығының орынбасарына дейін қызмет атқарды. 2023 жылы зейнетке шықты. Өзінің қызмет барысында ҚР ҰҚК, Шекара қызметінің «Шекараны үздік күзеткені үшін», «ҚР ҚК мінсіз қызметі үшін 1,2,3 дәрежелі», «Отан қалқаны 1,2,3 дәрежелі» т.б түрлі марапаттармен марапатталған. Әскери қоян-қолтық күресінен СШҮ. Әскери атағы - полковник. 2024 жылдың 2 қыркүйегінен бастап Абай атындағы ҚазҰПУ-де, Бастапқы әскери дайындық кафедрасында аға оқытушы лауазымында қызмет атқарады.
БІЛІМІ
ОҚЫТАТЫН ПӘНДЕРІ Бастапқы әскери және технологиялық дайындықтын негіздері; Бастапқы әскери және технологиялық дайындықты оқыту әдістемесі.
ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТІ Оқу құрал: «Мемлекеттік шекара күзету бойынша барлау-іздеуі іс-қимылдарын ұйымдастыру және жүргізу», 2020 ж. қазақша, орысша Бейбитов М.Т., Талапов Т.Т. Оқулық: «Шекара нарядтарының қызметі және тактикасы», 2022 ж. Жұмашов А.Б., Талапов Т.Т., Нұрлыгаинов Н.Н. Сөздік: «Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметінде қолданылатын терминдер мен кәсіби сөздердің орысша-қазақша сөздігі», 2022 ж., Мамаева Г.Б., Талапов Т.Т. Оқу құрал: «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзету кезіндегі шекара бөлімшесінің іс-әрекеттерін бүркемелеу», 2023 ж., Калашников С.Г., Ельцов И.А., Талапов Т.Т., Аманжолұлы А.
← Вернутся назад |
050010, Republic of Kazakhstan Almaty, Dostyk аve., 13
e-mail: rector@abaiuniversity.edu.kz
|
|
Admissions Office: 8(727)291-57-68
Call center: 8 (727) 221 85 14
Psychological Services Sector: 8 700 976 89 97
Сitizen reception on personal matters
|