About us | Главная /
Ертай Сұлтан
Ертай Сұлтан
Ертай Сұлтанұлы - әдебиеттану, журналистика және жоғары ғылым менеджменті салаларында зерттеулер жасап жүрген ғалым. PhD доктор (ҚР БҒМ БҒССБК 2018 жылғы №701 бұйрығы), ҚР Президенті жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясының Жас ғалымдар президиумының мүшесі.
Қызметі: 2024 жылдың мамыр айынан бастап «Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті» КеАҚ Басқарма мүшесі – Зерттеу қызметі және инновация жөніндегі проректоры. 2023-2024 жж. «Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті» КеАҚ Басқарма мүшесі – Стратегия және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры. Академиялық және кәсіби тәжірибесі: · 2018-2021 жж. 2023 ж. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, журналистика факультетінің қауымдастырылған профессоры м.а. · 2021-2022 жж. АҚШ, Джордж Вашингтон университетінде «Болашақ» бағдарламасы аясында ғылыми тағылымдамадан өтті. Бағдарлама атауы: Жоғары білім менеджментіндегі көшбасшылық (Leadership in higher education management). · 2021-2022 жж. Қазақстан Республикасының Америка құрама штаттарындағы Елшілігіндегі Абай орталығының жетекшісі. · 2019-2021 жж. М.О.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты бас директорының орынбасары. · 2016-2019 жж. М.О.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының ғалым хатшысы. · 2012-2016 жж. М.О.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының ғылыми қызметкері. Білімі: · 2011 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Филология факультетінің бакалавриатын «Филология: қазақ тілі» мамандығы бойынша үздік тәмәмдады. · 2013 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Филология және әлем тілдері факультетінің магистратурасын «Филология: әдебиет» мамандығы бойынша аяқтады; · 2014-2017 жылдар аралығында М.О.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты мен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті арасындағы «Білім және ғылым интеграциясы» бағдарламасының негізінде «6D021400 – Әдебиеттану» мамандығы бойынша білім алды; · 2018 жылы қазіргі ағылшын, испан, италиян, жапон және қазақ романдарын салыстырмалы талдау негізінде «Қазіргі романның трансформациясы» тақырыбында PhD диссертациясын қорғады. Мақалалары мен зерттеулері: Scopus және WOS мәліметтер базасында мақалалары жарияланған, ҚР ҒЖБССБК ұсынған ғылыми журналдарда мақалалары жарық көрген. 5 ұжымдық монографияның серіктес авторы. Бірнеше авторлық куәлік берілген, ғылыми және ғылыми техникалық қызмет субьекті ретінде аккредитациялық куәлігі бар. Хирш индексі: 2 (2021 жыл) Ғылыми тағылымдамалар: · АҚШ, Колумбия университетінің Жер институты (БҰҰ тұрақты даму бағдарламасы, 2012 жыл) · Гази университеті, Түркия (2013 жыл) · Кадис университеті (2012-2013 жыл), Испания. · Гранада университеті (2016 жыл), Испания. Зерттеу бағыты: · Қазіргі романның жанрлық трансформациясы; · Гибридті роман хронотопын математикалық модельдеу; · Қазіргі публицистиканың жанрлық түрленуі; · Деректер журналистикасы; · Жоғары білім мен ғылым менеджменті; · Халықаралық журналистикадағы жаңа үрдістер мен бағыттар. Марапаттар мен жетістіктері: · ҚР БҒМ дарынды жас ғалымдарға арналған стипендия иегері (2018) · «Болашақ» халықаралық бағдарламасының стипендиаты (2021) Тілдерді меңгеру деңгейі: Қазақ, орыс, ағылшын – еркін; Испан, қытай – орташа. Ғылыми өтілі: 13 жыл Педагогикалық өтілі: 6 жыл
← Вернутся назад |
050010, Republic of Kazakhstan Almaty, Dostyk аve., 13
e-mail: rector@abaiuniversity.edu.kz
|
|
Admissions Office: 8(727)291-57-68
Call center: 8 (727) 221 85 14
Psychological Services Sector: 8 700 976 89 97
Сitizen reception on personal matters
|