қазақша · русский · english
   
  Main / Announcements
26.02.2024

Постдокторантура бағдарламасы бойынша конкурс жарияланады

 

 

Абай атындағы ҚазҰПУ постдокторантура бағдарламасының бос орындарына конкурс жариялайды. Постдокторлық бағдарламаға 40 жасқа дейінгі (қоса алғанда), ғылыми қызметпен, жаңа ғылыми бағыттарды дамытумен белсенді айналысатын Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын жас ғалымдар қабылданады.

 

Үміткер төменде көрсетілген талаптарға сәйкес келуі тиіс:

- философия докторы (PhD)/бейіні бойынша доктор немесе ғылыми дәрежесі (ғылым докторы/кандидаты) болуы (шетелде алынған дипломдардың баламалылығын тану рәсімінен өту талап етілмейді);

- университет қызметінің бағытына сәйкес келетін ғылыми-зерттеу және (немесе) ғылыми-педагогикалық қызмет тәжірибесінің болуы;

- соңғы 5 (бес) ішінде Science Citation Index Expanded, Social Science Citation Index, Arts and Humanities Citation Index, Russian Science Citation Index және (немесе) Emerging Sources Citation Index Web of Science деректер қорының және (немесе) Scopus деректер базасында CiteScore бойынша 35 (отыз бес) процентильден кем емес индекстелетін басылымдарда кемінде 2 (екі) мақаласының және (немесе) шолудың болуы;

- соңғы 5 (бес) ішінде ғылыми зерттеулердің негізгі нәтижелерін жариялауға Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынған отандық ғылыми басылымдарда кемінде 3 (үш) мақаласының болуы;

- Хирш индексінің (H-index) болуы.

 

Конкурсқа бұрын постдокторантура бағдарламасын аяқтаған және ҚР жоғары оқу орындарында постдокторантура стипендиаттары болып табылатын адамдар қатыса алмайды.


Конкурсқа қатысу үшін өтінім мыналарды қамтиды:

- конкурсқа қатысу туралы өтініш (1-қосымша);

- жеке куәліктің көшірмесі;

- түйіндеме/ CV;

- PhD докторы дипломының көшірмесі;

- Постдокторантура кезеңіндегі үміткердің ғылыми зерттеулер жоспары (Research Proposal) (басымдық педагогикалық және пәнаралық бағыттар бойынша ғылыми-зерттеулерге беріледі);

- ғылыми еңбектер мен өнертабыстары үшін берілген патенттер тізімі;

- үміткерлерге жоғарыда көрсетілген талаптарды растайтын құжаттары бар портфолио (жарияланымдардың бедерлері, WоS пен Scopus базаларындағы жарияланымдардың дәйеккөздік көрсеткіші, сертификаттар мен патенттер, еңбек кітапшасының көшірмесі);

- 2 (екі) ұсыныс хат және/немесе алдыңғы жұмыс орындарынан 2 (екі) мінездеме;

- соңғы 5 (бес) жылдағы ғылым және білім саласындағы жетістіктерін растайтын құжаттар («Болашақ»стипендиясының иегері, Мемлекеттік ғылыми стипендияның иегері, талантты жас ғалымдарға арналған ғылыми стипендияның иегері, «Үздік ғылыми қызметкер»атағының иегері, ҚР «ЖОО-ның үздік оқытушысы»атағының иегері, ҚР ҒЖБМ ғылыми жобаларына жетекшілік ету және қатысу, халықаралық ғылыми жобаларға жетекшілік ету және қатысу, ғылыми басшылық тәжірибесі және т. б.).

 

Конкурстық өтінімдер 2024 жылдың 11 наурызға дейін Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Ғылым департаментіне тапсырылады. Мекен-жайы: Алматы қ., Қазыбек би к-сі, 30, каб. № 209, 203-А. Жауапты тұлға: Ғылым департаментінің директоры Ұ. М. Әбдіғапбарова.

 

Постдокторантура туралы ереже