қазақша · русский · english
   
  Main  News
03.04.2015

Тілдерді оқытудың инновациялық әдістері: Мектеп - ЖОО

 

2015 жылдың 17 наурыз күні «Шетел азаматтарына арналған филологиялық пәндер» кафедрасы мектеппен байланыс орната отырып, дәстүрден тыс іс-шара өткізді. Бұл Алматы қаласы, И.В.Панфилов атындағы №54 мектеп оқушыларымен орыс тілінің грамматикасы бойынша бірлесіп өткізілген 2 интеграциялық сабақ. Кафедра оқытушылары: Бегалиева С.Б., Казабеева В.А., Айтказина Т.Т., Балгазина Б.С., Алиева Д.А., Мамытбекова Л.К.бастауыш сыныптар арасында «Жалқы есімдер» және «Сан есім» тақырыптарында кешенді сабақтар өткізді. Сабақтарға мектеп оқушылары мен шетел студенттері қатысты. Сабақтардың мақсаты - шетелдік студенттерді «жанды» оқу үдерісіне тарту, сабақтарды белсендіру, сөйлеу тәжірибесімен қамтамасыз ету. Мұндай сабақтар инновациялық сипатқа ие, жақсы нәтижелер беріп, қызығушылық тудырады.
Осы күні «Орыс тілі бойынша оқулық авторларымен кездесу» ұйымдастырылып, өткізілді. Бұл шараға мектеп мұғалімдері, 10 сынып оқушылары мен кафедра оқытушылары, оқулық авторлары Брулева Ф.Г., Тоқтарова Т.Ж., Казабеева В.А. қатысты. Білім алушылардың өздері оқып жатқан 10 сынып оқулығы туралы айтқан өзіндік ойлары қызықты болды. Оқулықтардың мазмұны мен рәсімделуіне қатысты оң бағалар берілді. Мұндай шараларды ұйымдастырып тұру мектеп пен университет арасындағы байланыстарды әрмен қарай жандандыра түсетіні анық.