Main /
Announcements
07.02.2024 «Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Университет) 2023-2024 оқу жылына Тарих және құқық институтының кафедра меңгерушісі лауазымының бос жұмыс орынына конкурс жариялайды.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар: кафедра меңгеруші лауазымына: жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, ғылым кандидаты немесе ғылым докторы дәрежесі, білім беру ұйымдарында немесе ғылыми-педагогикалық қызметте кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы қажет.
Конкурсқа қатысуға үміткер тұлға конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімде мынадай құжаттарды ұсынады:
Университетте жұмыс істейтін қызметкерлер: 1. Басқарма төрағасы - ректордың атына конкурсқа қатысу туралы өтініш (1 қосымшаға сәйкес); 2. Үміткерлердің сауалнамасы (2-қосымшаға сәйкес); 3. Үміткерлердің қызметін бағалау жөніндегі сауалнама (3-қосымшаға сәйкес) *; 4. Кафедра отырысының шешімі; 5. Бас ғалым хатшы куәландырған ғылыми жұмыстар мен өнертабыстардың тізімі (соңғы 5 жыл ішінде); 6. Шетел тілін меңгеру деңгейін дәлелдейтін сертификат (бар болған жағдайда); 7. Қайта даярлау және біліктілігін арттыру туралы куәліктердің көшірмелері (бар болған жағдайда) және салыстыру үшін түпнұсқалары (соңғы 5 жыл ішінде). Университеттің штаттық емес үміткерлері: 1. Басқарма төрағасы - ректордың атына конкурсқа қатысу туралы өтініш (1 қосымшаға сәйкес); 2. Үміткерлердің сауалнамасы (2 қосымшаға сәйкес); 3. жеке куәліктің көшірмесі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім, академиялық және ғылыми дәреже туралы дипломдардың көшірмелері, ғылыми атағы туралы құжат, салыстыру үшін олардың түпнұсқалары; 4. еңбек қызметін растайтын құжат (еңбек өтілі бар адамдар үшін), кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы; 5. Соттылығының жоқ екендігі туралы анықтама; 6. Наркологиялық, психоневрологиялық диспансерлерде тіркелмегендігі туралы медициналық анықтамалар; 7. Шетел тілін меңгеру деңгейін дәлелдейтін сертификат (бар болған жағдайда); 8. Қайта даярлау және біліктілігін арттыру туралы куәліктердің көшірмелері (бар болған жағдайда) және салыстыру үшін түпнұсқалары (соңғы 5 жыл ішінде). 9. Бас ғалым хатшы куәландырған ғылыми жұмыстар мен өнертабыстардың тізімі (соңғы 5 жыл ішінде); 10. Соңғы жұмыс орнынан мінездеме немесе ұсыныс, өмірбаян; Шетелдік оқу орындары берген білім туралы құжаттар нотариалды куәландырылған қазақ немесе орыс тілдеріндегі аудармасымен бірге ұсынылады. «Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ халықаралық шарттар (келісімдер) шеңберінде Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары берген білім туралы құжаттар Білім туралы құжаттарды тану рәсімдерінен өтпей-ақ Қазақстан Республикасында танылады. Конкурсқа қатысуға құжаттар қолданылу мерзімі өткен және (немесе) құжаттар толық ұсынылмаған жағдайда, өтініш барлық құжаттармен бірге конкурс өткізу басталғанға дейін қайтарылады. Конкурсқа қатысуға өтініш пен құжаттарды беру мерзімі: 2024 жылдың 16 ақпанына дейін (қоса алғанда). Құжаттарды қабылдау қолма-қол мына мекенжай бойынша жүзеге асырылады: Алматы қаласы, Достық даңғылы, 13. Кадр саясаты басқармасы (№102 кабинет); сағат 9-30-дан 17-00-ге дейін. Анықтама телефондары: 8 (727) 291-34-35; Штаттық профессор-оқытушылар құрамының педагогикалық оқу жүктемесі мен жалақысы «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарындағы профессор-оқытушылар құрамы үшін ұсынылатын педагогикалық жүктеме мен ең төменгі жалақыны айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 122 бұйрығына сәйкес айқындалады. * Сауалнама деректерімен жұмыс істеу рәсімі: - Үміткерлердің әрқайсысы ұсынылған «Үміткердің анкетасы» бланкісін растайтын құжаттарды қоса бере отырып, үміткердің академиялық кезеңдегі қызметінің нәтижелерін көрсететін жеке көрсеткіштер негізінде толтырады; - сауалнамаларды толтыруды үміткерлер «өлшеу жиілігі» сауалнамасында көрсетілген кезеңде қол жеткізілген нәтижелер негізінде жүргізеді. **Кафедра меңгерушілері конкурсқа қатысатын штаттағы қызметкерлердің қызметін бағалау үшін кафедрадағы үш жетекші мамандарын тарта отырып, «Оқытушының қызметін бағалау жөніндегі сауалнаманы» (3-қосымшаға сәйкес) толтырады.
|