қазақша · русский · english
 
 
   Главная / Бекенаева Кымбат Сламовна

Бекенаева Кымбат Сламовна


Тегі, аты, әкесінің аты

Бекенаева Кымбат Сламовна

Өзі туралы мәліметтер

Туған жылы және жері: 1979 ж.т., Аягөз қаласы, Абай облысы

Отбасы жағдайытұрмыста жоқ

Білімі

2000 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін аяқтаған,

Факультет: Механика-математика

Мамандық: математика

Классификация: математик, математика оқытушысы

Диплом ЖБ №0112386

Ғылыми атағы мен дәрежесі

8D05401– Математика білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD), 27.04.2023ж., диплом PhD №00024735909

Педагогикалық қызметі мен қоғамдық жұмыстар

 

2000-2001жж. – Алматы қ. №149 орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі;

2001-2003жж. – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің магистранты;

2003-2010жж. – С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетінің физика, математика және медициналық информатика кафедрасының оқытушысы;

2010-2018жж. – С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетінің физика, математика және медициналық информатика кафедрасының аға оқытушысы;

2018-2019жж. – С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетінің биостатистика және ғылыми зерттеу негіздері кафедрасының аға оқытушысы;

2019-2022жж. – Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 8D05401 – Математика білім беру бағдарламасы бойынша математика және математикалық модельдеу кафедрасының докторанты;

2022 ж. қазіргі таңға дейін – Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің математика және математикалық модельдеу кафедрасының аға оқытушысы.

Докторлық диссертация тақырыбы

2023 ж. – 8D05401 – Математика білім беру бағдарламасы бойынша «Бөлшек ретті псевдопараболалық теңдеу үшін бастапқы-шеттік есептердің шешімділігі» тақырыбына PhD диссертациясын қорғау.

Ғылыми қызығушылық бағыты

Математикалық физиканың классикалық емес теңдеулері, бөлшек ретті псевдопараболалық теңдеу үшін шеттік және аралас есептер

Марапаттары

«ҚР ЖОО үздік оқытушысы» - 2023 төсбелгісінің иегері.

Ғылыми еңбектері

Ғылыми жұмыстардың жалпы саны - 22, оның ішінде Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету Комитеті ұсынған мақалалар – 1, Scopus немес Web of Science Core Collection ғылымометриялық базаларына кіретін Халықаралық жоғары рецензияланатын журналдардағы мақалалар-5. Сондай-ақ, П. ғ. д., профессор М. Ш. Алинованың мерейтойына арналған «Жаратылыстану-ғылыми білім мен білімнің өзекті мәселелері» атты халықаралық конференцияларға қатысу, 27 қаңтар 2017 ж., Павлодар; «Компьютерлік модельдер мен технологиялар» Өзбекстан-Малайзия конференциясы, қыркүйек 16-17, 2022ж.; «Математикалық физиканың классикалық емес теңдеулері», Ташкент, 6-7 қазан, 2022ж.; «Дифференциалдық теңдеулер және олардың қолданылуы», 22-24 қараша, 2023ж., Ташкент.

Шетел мамандарымен ғылыми ынтымақтастық

 жоқ

Кәсіби сапалары

еңбекқорлық, жұмысқа қабілеттілік, тәртіптілік, жауапкершілік, мақсат қоя білу, жетістікке жету жолдарын таңдау, ұйымшылдық, өзінің кәсіби деңгейін жүйелі және жоспарлы түрде арттыру

Біліктілікті арттыру және ғылыми тағылымдамалар

Біліктілікті жетілдіру курстары:

 – «Білім және ғылым медициналық ұйымдарының оқытушысы», Алматы мемлекеттік дәрігерлерді жетілдіру институты, 28.05.2014 ж.-10.06.2014 ж., 108 сағ.

 – «Информационные системы», Казахский национальный университет имени аль-Фараби, 04.01.2016 г. -30.01.2016 г., 144 ч.

 «Differential equations for engineers», The Hong Kong University of Science and Technology and offered through Coursera, October, 8, 2023, 26 h.

Ғылыми тағылымдама:

 Сантьяго-де-Компостела университеті, Галисия математикалық зерттеулер және технологиялар орталығы (Испания), 14.05.2022-22.06.2022, 168 сағ.

Тілдерді меңгеру

Қазақ тіліөз тілім, орыс тіліжетік, ағылшын тілі Upper-Intermediate деңгейінде.


← Вернутся назад