қазақша · русский · english
   
  Main / Announcements
21.12.2023

Бос лауазымға үміткерді таңдауға өтініш

 

Бос лауазымның атауы:

Қоғаммен байланыс департаментінің бас маманы

Құрылымдық бөлімшенің негізгі функционалдық міндеттері:

 

1.Қоғам қызметіне қатысты ақпараттық бағдарламаларды жоспарлау және ұйымдастыру;

2.Іскерлік және PR - ақпарат көздерінің жүйесін құру;

3.Бұқаралық ақпарат құралдарының көмегімен Қоғамның оң имиджін қалыптастыру;

4.Қоғамның қоғамдық-саяси және басқа да әлеуметтік маңызы бар мәселелерге қатынасын бұқаралық ақпарат құралдары арқылы көрсету;

5.Қоғам дамуының негізгі бағыттары, ЖОО-ның және жалпы саланың әлеуметтік-экономикалық жағдайы, қоғамның ғылыми, шығармашылық және спорттық жетістіктері туралы материалдарды баспасөзде, радио мен теледидарда тарату;

6.Баспасөзде жарияланған және Қоғамға және жалпы салаға арналған материалдарды жинақтау, талдау және Қоғам басшылығының назарына жеткізу;

7.БАҚ-та қоғам атына айтылған сын-ескертпелерге ден қою;

8.Қоғамның ағымдағы қызметінің өзекті мәселелері бойынша БАҚ-та кездесулер мен сұхбаттарды ұйымдастыру;

9.Студенттер мен педагогикалық ұжымның жетістіктері, Қоғам мен оның бөлімшелерінің қызметі туралы бейнероликтер дайындау, бейне және фотоматериалдар жасау және жаңарту;

10.«Abai University» университеттік газетінің кезекті және арнайы нөмірлерін дайындау;

11.Сыртқы ортада қоғамның имиджін сақтау және жақсарту бойынша жұмысты ұйымдастыру;

12.Институттармен, кафедралармен және басқа құрылымдық бөлімшелермен бірлесіп университет ішінде ақпарат алмасуды қолдау және жақсарту бойынша жұмыстарды жоспарлау және ұйымдастыру;

13.Қоғамның оң имиджін қалыптастыру бойынша ұсынымдар әзірлеу мақсатында қоғамдық пікірді зерделеу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;

14.Қоғамның Web-сайтын ақпараттық қолдау.

Негізгі лауазымдық міндеттері:

1. Университеттің қоғаммен байланыс саласындағы қызметінің тиімділігін бақылауды жүзеге асыру;

2. Университеттің беделіне теріс әсер ететін қызметіндегі кемшіліктерді уақтылы жоюды қамтамасыз ету;

3. Мемлекеттік органдардың, ұлттық компаниялардың, басқа да оқу орындары мен азаматтардың сұрауларына тақырыптық мәселелер бойынша ақпараттық материалдар, талдамалық анықтамалар дайындау;

4. Қоғаммен байланыс саласындағы озық технологияларды енгізу негізінде ұйым қызметін тұрақты жетілдіруді қамтамасыз ету;

5. Ақпараттық және басқа да хабарламалардың мәтіндерін құрастыру және оларды әлеуметтік желілерде орналастыру;

6. Қолданыстағы жоспарларды, бағдарламаларды және ұйымның қоғаммен байланыс саласындағы сыртқы және ішкі саясатының тұжырымдамасын түзету мақсатында қоғамдық пікірге кешенді зерттеулер жүргізу.

7. Университеттің қоғаммен байланыс саласындағы тиімді жұмысын ұйымдастыру.

8. Бағдарламалық құралдар мен платформаларды пайдалана отырып графикалық және мәтіндік материалдарды өңдеу;

9. БАҚ-та күнделікті мониторинг жүргізу;

10. Әлеуметтік медиадағы алаңдарда жарияланған ақпараттарды талдау;

11. Имидждік материалдарды дайындау;

12. Департамент директорының тапсырмаларын орындау.

Іссапарларға шығу:

Қажет болған жағдайда

Білімі:

Журналистика саласында жоғары

Қажетті кәсіби тәжірибе (ұзақтығы, саласы, басқалары)

Ұқсас лауазымдағы еңбек өтілі кемінде 4 жыл.

 

Жеке құзыреттер мен қасиеттер:

Жауапкершілік, ұқыптылық, әдептілік, жаңа білімге ұмтылу.

Мемлекеттік тілді қоса алғанда, тілдерді білу (кандидат меңгеруі тиіс тілдердің тізімі)

Қазақ және орыс тілдерін еркін меңгерген.

Түйіндемені тапсыру мерзімі:

2024 жылғы 04 қаңтарға дейін

Байланыс үшін:

 

r.abdykadyrkyzy@abaiuniversity.edu.kz

Абдықадырқызы Римма