About us | Главная /
Адилова Фарида Ауелханқызы
Адилова Фарида Ауелханқызы
ҚЫСҚАША ӨМІРБАЯНЫ Мен, Адилова Фарида Ауелханқызы 1977 жылы 10 сәуірде Алматы облысы, Нарынқол ауданында дүниеге келдім. 2001 жылдан бастап Қ.И. Сәтбаев атындағы, ЖГИ ның Қоғамдық пәндер кафедрасына оқытушы қызметіне жұмысқа алындым. 2018-2020 жылдары КазМҮББУ үш жылдай кафедра басқардым. 2018 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «Қоғамдық пәндер» кафедрасында қосымша сабақ жүргіздім. 2021 жылдың қыркүйегінен № 199 мамандандырылған гимназияда тарих пәнінің мұғалімі болып жұмыс атқардым. 2021 жылдың қыркүйегінен қаңтар айына дейін Қ.И. Сәтбаев университетінің «Қоғамдық пәндер» кафедрасында қосымша ассоц. профессор қызметін атқардым. 2022 жылдың қыркүйек айынан Абай атындағы ҚазҰПУ-нің «акад Т.С. Садықов атындағы Қазақстан тарихы» кафедрасына аға ақытушы қызметін атқарушы болып қабылданып отырмын.
БІЛІМІ
ҒЫЛЫМИ ДӘРЕЖЕСІ
ҒЫЛЫМИ АТАҒЫ
ОҚЫТАТЫН ПӘНДЕРІ 1.Виртуалды қайта құру әдістері мен технологиялары 2.Қазақстан Кеңес империясы құрамында: саясат, экономика, әлеуметтік қатынастар және мәдениет. 3.азақстан тарихы
ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТ - зерттеу тақырыптары, жарияланымдар саны Зерттеу тақырыбы: «Қазақ қоғамындағы Орынбор мүфтилігінің орны мен қызметі» (18 ғ. соңы - 20 ғ басы). 1. "Орынбор өлкесіндегі патша үкіметінің мұсылмандыққа қарсы жүргізген саясаты (ХІХ ғасырдың ІІ-ші жартысы)" 2."ХІХ ғ. аяғындағы мектеп және медреселерде білім берудегі отаршылдық саясаттың көрініс табуы" Тарих ғылымдарының докторы, профессор Қ.Т. Жұмағұловтың 70 жылдығына және ғылыми-педагогикалық қызметінің 50 жылдығына арналған «Интеграция және Модернизация жағдайындағы дүние жүзі тарихы және Еуразиядағы халықаралық қатынастар» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция Материалдары 9 ақпан. 2018 ж.
ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚЫЗМЕТТЕР - зерттеу тақырыптары, жарияланымдар саны 1. "Орынбор мүфтилігі қызметін мемлекеттік бақылау (ООМА) материалдары негізінде интернет жүйесі арқылы". "Цифырлы замандағы әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар» атты халықаралық дөңгелек үстел. 12 сәуір, Сатпаев университеті, Алматы, 2018 ж. 2. "1916 жылғы Жетісу өңіріндегі ұлт азаттық көтеріліс"."Тәуелсіз Қазақстан"30 жыл сабақтары мен даму перспективалары" атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы Satbayev University, Алматы, ҚР, 17 қараша 2021 ж. 3. "Қазақ даласындағы Қарқаралы петициясындағы дін мәселесі" (ХІХ ғ. аяғы ХХ ғ. басы). Ұлттық деректанудың негізін қалаушы» тақырыбында тарих ғылымдарының докторы, профессор Қамбарбек Атабаевты еске алуға арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция Алматы, 2022
МАРАПАТТАРЫ 1. Құрмет грамотасы. Тіркеу І - 009192. Интеллект пен Нұр білім орталығының ұйымдастыруымен өткен Республикалық дарынды, үздік оқушылар сайысына белсенді ат салысқаны үшін беріледі. Алматы 2021-2022 жж. 2. Алғыс хат. Жұмысты адал және кәсіби түрде атқарып, көрсеткен жоғары дәреже үшін берілді. Тіркеу І - 010676. Nur Bilim ғылыми әдістемелік орталығы, "Интеллект" білім және ғылым орталығы. Алматы 2021-2022 жж. 3. Алғыс хат. "Тәуелсіз Қазақстан: 30 жыл сабақтары мен даму перспективалары" атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына қатысқаны үшін марапатталады. 17 қараша, . Сатпаев университеті, Алматы 2021 жыл.
← Вернутся назад |
050010, Republic of Kazakhstan Almaty, Dostyk аve., 13
e-mail: rector@abaiuniversity.edu.kz
|
|
Admissions Office: 8(727)291-57-68
Call center: 8 (727) 221 85 14
Psychological Services Sector: 8 700 976 89 97
Сitizen reception on personal matters
|