қазақша · русский · english
 
 
   Главная / Курмангалиева Нургуль Айтбаевна

Курмангалиева Нургуль Айтбаевна

 

ҚЫСҚАША АВТОБИОГРАФИЯ

Курмангалиева Нургуль Айтбаевна 1996 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ді «Қолданбалы математика» мамандығы бойынша бітірген. 1996-2001 жылдары әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің филология факультетінде ААЖ инженері, 2001-2003 жылдары есептеу және қолданбалы математика кафедрасының оқытушысы болып қызмет етті. 2016 жылы Абай атындағы ҚазҰПУ-ды 6M011100-Информатика мамандығы бойынша магистратураны аяқтап, педагогикалық ғылымдарының магистрі дәрежесі берілді.

2003-2006 жылдары Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Информатика және білімді ақпараттандыру кафедрасында оқытушы, аға оқытушы болып қызмет атқарды. Сандық тәсілдер, web-программалау, компьютер архитектурасы пәндерінен сабақ өтті. 2006 жылдан 2017 жылдары Абай атындағы ҚазҰПУ Білімді ақпараттандыру институтында жетекші маман, бөлім бастығы, инженер-бағдарламашы қызметтерін атқарды. 2020 жылы Абай атындағы ҚазҰПУ-ды 6D011100-Информатика мамандығы бойынша PhD докторантураны аяқтады.

 Курмангалиева Н.А. Абай атындағы ҚазҰПУ-да жұмыс істеген жылдары «Үздік қызметкер» төсбелгісімен (2014 ж.) және ҚР БжҒМ Құрмет грамотасымен (2018 ж.) марапатталды.

Н.А.Курмангалиеваның ҚР БжҒМ ұсынған журналдар мен мерзімді басылымдарда және халықаралық ғылыми конференция материалдарында 10-нан аса ғылыми еңбектері жарияланған. Сонымен қатар, орта білім беретін мектептердің 10-сыныбына арналған Информатика оқулығының авторы болып табылады (Атамұра, 2019).

 

БІЛІМІ

Білім беру мекемесі

Квалификация

Бітірген жылы

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

Мамандығы: Қолданбалы математика,

Математик

1996

Абай атындағы ҚазҰПУ

Педагогикалық ғылымдарының магистрі (6M011100-Информатика)

2016

 

ДӘРЕЖЕСІ

Дәрежесінің атауы

Ғылым саласы

Берілген күні

Философия докторы (PhD)

Информатика

19.04.2023

 

ОҚЫТЫЛАТЫН ПӘНДЕРІ 

Бакалавриат: АКТ, Бағдарламалау, Білім берудегі цифрлық технологиялар, Компьютер архитектурасы және операциялық жүйе


ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТІ - зерттеу саласы, жарияланым саны

Зерттеу саласы: Білімді ақпараттандыру, цифрлық ресурстар, жаңа ақпараттық технологияларды білім беруде қолдану

Негізгі жарияланымдар:

1. Balykbayev T., Bidaibekov E., Grinshkun V., Kurmangaliyeva N. The influence of interdisciplinary integration of information technologies on the effectiveness of IT training of future teachers //Journal of Theoretical and Applied Information Technology. -2022. -Vol.100, Iss.5. -P. 1265-1274.

2.Курмангалиева Н.А. Цифрлық университет қалыптастыруда ақпараттық технологияларды интеграциялау туралы //Хабаршы. «Физика-математикалық ғылымдар» сериясы, №2 (62). - Алматы: Абай атындағы ҚазҰПУ, 2018. - Б. 35-40.

3.Исабаева Д.Н., Рахимжанова Л., Киселева Е.А., Курмангалиева Н.А., Аубекова М. Орта білім беретін мектептердің 10-сыныбына арналған Информатика оқулығы. Жаратылыстану-математика бағыты. Алматы: Атамұра, 2019. -304 б.

4.Исабаева Д.Н., Шекербекова Ш., Абдулкаримова Г.А., Рахимжанова Л.Б., Курмангалиева Н.А., Бекмолдаева А. Орта білім беретін мектептердің 10-сыныбына арналған Информатика оқулығы. Қоғамдық-гуманитарлық бағыт. Алматы: Атамұра, 2019. -144 б.

5.Бидайбеков Е.Ы., Гриншкун В.В., Курмангалиева Н.А. Педагогикалық жоғары оқу орнының цифрлық білім беру ортасын қалыптастыру моделі //Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршы, «Физика-математика ғылымдары» сериясы. -Алматы. -2022. -№4(80). -Б.192-2022.

 


← Вернутся назад