қазақша · русский · english
 
 
   Главная / Хамраев Шерипидин Итахунұлы

Хамраев Шерипидин Итахунұлы

 

Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін "Физика және информатика" мамандығы бойынша (1993), Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің аспирантурасын 010414-Теплофизика және теориялық теплотехника (1997) мамандығы бойынша бітірген.


Техника ғылымдарының кандидаты (1999), физика доценті(2004), Абай атындағы ҚазҰПУ профессоры (2013).


1993-2002 жж. – Абай атындағы ҚазҰПУ-нің теориялық және тәжірибелік физика кафедрасының инженері, оқытушысы, аспиранты, аға оқытушысы, доценті,

2002-2022 жж. – Абай атындағы ҚазҰПУ математика, физика және информатика институты директорының орынбасары, директор м.а., қосымша Физика кафедрасының профессоры.

09.2022-06.2024 жж. – Абай атындағы ҚазҰПУ институционалдық тиімділік Кеңсесінің жетекшісі.

2024 жылғы 3 маусымнан бастап математика, физика және информатика факультетінің деканы.


2004, 2006, 2010 жж. жарияланған 050110-Физика(бакалавриат) және 6N0110-физика(магистратура) мамандықтары бойынша Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының авторларының бірі. "ҚазҰПУ хабаршысы" журналының Физика-математика сериясы редакциялық алқасының мүшесі. "Білім беру" бағыты бойынша Республикалық оқу-әдістемелік кеңестің оқу-әдістемелік секциясының мүшесі.


Білім беру бағдарламаларын әзірлеуші: 6B01504-Физика, 6B01505-ағылшын тіліндегі Физика, 6В01506-физика-информатика, 6В05302-Физика.


Оқытудың барлық деңгейлері бойынша білім беру бағдарламаларын әзірлеумен, сараптаумен, оқу процесін ұйымдастырумен айналысады. 2013 жылдан бастап тәуелсіз аккредиттеу және рейтинг агенттігінің (IAAR) сертификатталған сарапшысы болып табылады және үздік 200 сарапшының қатарына кіреді.


Қазақстанда және шетелде жарияланған 80-нен астам ғылыми, ғылыми-әдістемелік жұмыстарының авторы. Өнертабысқа 5 патенті бар.


Жоғары оқу орындарында оқу үдерісін ұйымдастыру және сүйемелдеу бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтті:
- Білім беру жүйесіндегі Болон процесінің негізгі принциптері;
- Білім беру бағдарламаларын әзірлеу;
- ІЅО 9001:2015 талаптарына сәйкес сапа менеджменті жүйесінің ішкі аудиторларын дайындау;
- Білім беру бағдарламасын қалыптастыру кезінде оқыту нәтижелерін жоспарлау, қол жеткізу және бағалау;
- ІЅО 37001:2016 халықаралық стандартының талаптары бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл менеджменті жүйесінің ішкі аудиторларын дайындау;
- Білім беру бағдарламаларының педагогикалық дизайнын қайта жүктеу. Білім берудегі инновациялық технологиялар мен әдістемелер;
- Горизонтальды-циклдік ұйымдық құрылымның дамуы. Басқарудың инновациялық моделіне көшу.
- Білім беру бағдарламаларын әзірлеу (Erasmus+ жобасы, Лейпциг университеті (Германия), 2019 жыл);
- Дүниежүзілік банктің "ҚР педагогикалық білім беру әлеуетін күшейту" жобасы HАМK қолданбалы ғылымдар университетімен (Финляндия) бірлесіп 2021-2022 жж. Мұғалімдерді даярлау бойынша 30 білім беру бағдарламасының педагогикалық әзірлеушісі.
- Университеттегі тәуекелдерді басқару, 2022 жыл

-        Білім берудегі көсбашылық, Назарбаев университеті, 2022 жыл

-        Педагогикалық білім беру моделін енгізу және оның мазмұнын нығайту, Xame қолданбалы ғылымдар университеті (HAMK), Финляндия, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі, 2023 ж.

 


← Вернутся назад